МАХАМБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 4 қыркүйекте Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Бөлекова Гүлзада Қажымқызы, 1982 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Отбасын қолдау орталығының директоры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  2. Қарекенов Данияр Сансызбайұлы, 1988 жылы туған, Батыс Қазақстан облысындағы мүгедек балалардың «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің бас есепшісі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  3. Қойшыбаев Мейрам Жантемірұлы, 1987 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 сентября 2026