ЩАПОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 4 қыркүйекте Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Жұлдызбеков Арғын Жұлдызбекұлы, 1993 жылы туған, Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  2. Нұрбайыров Біржан Төлегенұлы, 1976 жылы туған, Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Щапов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  3. Сәрсенов Жанат Жұбанұлы, 1971 жылы туған, Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 сентября 2026