Көшім, Махамбет, Щапов ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Көшім, Махамбет, Щапов ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18.00-де Көшім, Махамбет, Щапов ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.

         Ұсыну қорытындысы бойынша 2026 жылғы 20 тамыздан 1 қыркүйек аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсынушылардан оларды ауылдық округ әкімдеріне кандидат болып ұсынуға 10 өтініш келіп түсті.

Бәйтерек ауданы Көшім сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынды, 3 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.

Бәйтерек ауданы Махамбет сайлау округі бойынша барлығы 4 кандидат ұсынды, 4 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.

Бәйтерек ауданы Щапов сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынды, 3 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 сентября 2026