Ауылдық округтің ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары бұл – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы.Зеленов ауылдық округінде 3 ЖШС, 30 шаруа қожалығы тіркелген.
"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 2023 жылы бізден 11 қарыз алушы болды, біздің тұрғындар 76,487 млн сомаға сүт малын сатып алуға несие алды, онда 85 бас асыл тұқымды және 17 бас тауарлық мал сатып алынды.