Ынтымақ күні – еліміздегі барша ұлт өкілдерінің бірлігін нығайтқан айтулы күн.
Елімізде әрқашан бірлік, ынтымақ, береке болсын!
Бүгін 20 наурыз Ұлттық спорт күні болып жарияланды. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде бәйге, көкпар, аударыспақ,
жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік пен асық ату, тоғызқұмалақ, садақ атудан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
Бүгін 20 наурыз Ұлттық спорт күні болып жарияланды. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде бәйге, көкпар,
аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік пен асық ату, тоғызқұмалақ, садақ атудан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраның сақталуына және жаңа ұрпақ бойында ұлттық болмыстың дамуына ықпал етеді.
Бұл күні барлық өңірлерде ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар мен турнирлер өтеді. Мысалы: бәйге, көкпар,
аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, сонымен қатар құсбегілік жарыстары. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ, асық ату,
садақ тартудан турнирлер өтеді. Мұның барлығы қазақстандықтарға жалпыға ортақ мереке сезіміне сүңгіп, өз дәстүрлерін
есте сақтауға мүмкіндік береді.
19 наурыз – мемлекет пен қоғамның терең жаңару күні ұлттық бірегейлікті сақтауға, прагматизмді дамытуға,
сананың ашықтығын арттыруға бағытталған.
Ұлттық киім күні дәстүрлі киім арқылы мәдени дәстүрлердің бірегейлігі мен алуан өзгешілігін көрсететін маңызды оқиға. Бұл күні адамдар өздерінің мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді. Мереке мәдени әртүрлілікті сақтауға және насихаттауға ықпал етеді, ұлттық бірлікті нығайтады және мәдениетаралық алмасу мен өзара түсіністікке дәріптейді.
17 наурыз күні Янайкин ауылдық округінде Шанарық күні аталып өтілді, бұл күні әкімдік қызметкерлері мерейтой иелерін
үйлену тойларымен құттықтап, жаңа туған сәбилерге естелік сыйлықтар табыс етті.
Қазақстанда 16 наурызда Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа
Тұжырымдамасы аясында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні атап өтіледі. Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық
құндылықтарды насихаттауға арналған.
Бүгін, 15 наурыз Қайырымдылық күнінде қазақстандықтар өздерін қайырымдылыққа, мейірімділікке, тату көршілікке арнауы керек.
14 наурызда Қазақстанда - Көрісу күні! Осы күннен бастап халқымыз қыстан аман шыққанына қуанып,құттықтасып,мерекелетеді.Үлкенге сәлем беріп,батасын алып,дастархан жаяды.