
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты мәселелері: масылдықты жеңу, кедейлік проблемаларын шешу, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, табысы аз және жұмыссыз халықты өнімді экономикалық жұмыспен қамтуға тарту болып табылады.
Бүгінгі күні ауданда Жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жағдай келесідей сипатталады:
-экономикалық белсенді халық 543 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 52% құрайды (1041 адам);
- әр түрлі қызмет саласында 312 адам жұмыс істейді.
Жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар – 11 адам.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 10 адам жіберілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 2 адам жолданды.
Жастар тәжірибесіне – 1 адам жолданды.
1 отбасы Атаулы әлеуметтік көмек алады.
Янайкин ауылында "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімінің штатында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 4 әлеуметтік қызметкер бар.