
Янайкин ауылдық округі бойынша Қоғамдық кеңес, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесі, Әйелдер кеңестері құрылып, жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар Жастар саясаты бойынша жұмыстарда үнемі жүзеге асырылуда. Ауыл жастарын жан-жақты қолдау, оларды заман талабына сай бейімдеу және мемлекеттік бағдарламаларға тарту басты назарда. Ауылдық округте халық саны 1041 адам, олардың 181-і, яғни 17 пайызын жастар құрайды.