GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
Сайлау
14 июля 2026
Құрылтай 23 тамыз
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
14 июля 2026
Хабарландыру
Мәдениет және спорт
23 февраля 2026
Масленица мейрамы аталып өтті!
Бүгін, Шалғай ауылында Масленица мейрамы кең көлемде аталып өтті.
Мереке барысында ауыл тұрғындары мен қонақтары әр түрлі ұйымдастырылған ойын-сауық бағдарламаларды тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен бірлік пен ынтымақты сезінді.
Шара аясында дәмді құймақтар ұсынылып, түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Мереке ауыл тұрғындарына жақсы әсер қалдырып, көктемді қарсы алудың жарқын көрінісіне айналды.
Киберқауіпсіздік
19 декабря 2025
Бала қауіпсіздігін интернетте қалай қамтамасыз етуге болады?
Тұрғындармен кездесу
19 ноября 2025
Аудан әкімі М.Тоқжановтың тұрғындармен кездесуі

Бектілген кестеге сәйкес, 14 қараша күні аудан әкімі Марат Тоқжанов Шалғай ауылдық округінде халықпен кездесіп, осы жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, ағымдағы жылға жоспарымен бөлісіп, тұрғындар сұрақтарына жауап берді.

Мәдениет және спорт
28 октября 2025
Республика күні құтты болсын!
       24 қазан-Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараға би және де вокал, көркем-драма үйірмелерінің қатысушылары қатысты. Шара барысында ауылдық округ әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.
Мәдениет және спорт
07 октября 2025
📌 Хабарландыру!
Мәдениет және спорт
06 октября 2025
Мерейтой иесін құттықтады!

Мерейтой иесін құттықтады!

Шалғай ауылдық округінің тұрғыны, ардақты ана, қадірлі әже Истамгазиева Гульсасан Зайнутдиновна 90 жасқа толып отыр!

Осы қуанышты күні мерейтой иесін шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз. Сіздің өмір жолыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Мерейтой иесін ауылдық округ әкімі Н.Конашев құттықтап, естелік сыйлық табыстады.

ТҮКШ
06 октября 2025
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының 25-күні Шалғай ауылында Шалғай ауылдық округінің әкімі Н.Конашев, учаскелік полиция инспекторы Е.Кожимбетовпен бірге “Таза Қазақстан“ акциясы аясында ауылды абаттандыру және көркейту ережелерінің, бұзу, яғни Қазақстан
Республикасының әкімшілік кұқық бұзушылықтар туралы кодексінің 505-бабының талаптарын бұзғаны үшін ауыл тұрғындарына ескерту жұмыстары жүргізіліп, хабарламалар берілді.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы жануарларын (соның ішінде сиыр, жылқы, қой және т.б.) ұстау қағидаларына сәйкес, мал жаю тек қана табынмен жүргізілуі тиіс. Елді мекендер аумағында иесіз жүрген мал анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес 3-тен 10 АЕК-ке дейін (11 796 – 39 320 теңге) әкімшілік айыппұл түріндегі шаралар қолданылатыны туралы ескертіліп, хабарлама берілді.

Сайлау
06 октября 2025
Шалғай ауылдық округінің әкімі тағайындалды.

Шалғай ауылдық округінің әкімі тағайындалды.

📍7 қыркүйек күні өткен сайлау нәтижесінде Шалғай ауылдық округінің әкімі болып Нұрсұлтан Әлібекұлы Қонашев сайланды.

📌Ауылдық округ активімен кездесуде аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Ахметжанов пен Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Р.Ихласов жаңадан сайланған әкімді таныстырып, куәлік табыстады.

📌Жиын барысында Болатбек Аманжолұлы қоғамдық- саяси науқанда белсенділік танытқан тұлғаларға алғыс білдіріп, ел сенімін абыроймен ақтаудың маңыздылығын атап өтті.

📌Ауыл тұрғындары қайта сайланған әкімге сәттілік тілеп, алдағы жұмысына қолдау білдірді. Ел ағалары мен ақсақалдар Нұрсұлтан Әлібекұлына ауылды дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

✅Сайланған әкімге жауапты қызметінде табыс тілейміз!

#Шалғай Ауылдық округі
#Әкім Сайлауы
#ЖергіліктіБасқару
#АуылДамуы
#БәйтерекАуданы

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы