«Мерейлі отбасы-2024» Ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы-2024» Ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды

Құрметті облыс тұрғындары!

Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық, аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту,
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.
Қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2024 жылдың 15 мамырынан бастап 15 маусымға дейінгі аралықта Орал қаласының және аудандық әкімдіктердің Ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада тапсыра аласыздар.
Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).