Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Шалғай ауылдық округінде тұрғындар жиыны өтті. Жиынның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер көтерілді:
1. Мал бағымын ұйымдастыру туралы;
2. Абаттандыру, тазалық айлығы (сенбіліктер) туралы;
3. Әр-түрлі мәселелер бойынша.

Мал бағымы және ауыл тазалығы жөнінде ауыл әкімі Гульзада Кажимовна баяндама жасады.
Қазір уақытта ауылдың малы 2 бағыт бойынша мал бағымы ұйымдастырылуда. Бірінші бағымда 1 бақташы бекітілді. Екінші бағымда бақташы денсаулық жағдайына байланысты, кейінге қалдырылды. Тұрғындар тарапынан малды ерте бағымға қосып, өрістен келерде қарсылап алып, қамау, бақташылардың еңбегін уақытында төлеп отыру қажет.
Сонымен қатар жыл сайын сәуір – мамыр айлары санитарлық тазалық айлығы болып жарияланғандығын баршамызға мәлім. Осы кезден бастап үй жайларыңызды ретке келтіріп, күл – қоқыстарыңызды уақытында шығарып, тал егу жұмыстарын қолға алуларыңызды сұраймын. Қазірдің өзінде мекемелер тарапынан сенбілік жұмыстары басталыпта кетті.