2024 жылдың 27 наурыз күні "Переметное-Шалғай" тас жолының бойында орналасқан көпірге (5 құбыр) еріген қар суы мен жаңбыр суы жиналып, жолды шаю қаупі болғандықтан, жол бойына 700 дана құм қапшықтары қойылды. Қатысқандар ауылдық округтегі мекемелердің қызметкерлері 17 адам. Ауданнан ТЖ кезінде округке бекітілген жауапты тұлға Н.Дүзбатыр келіп, өзімен бірге 12 адам алып келіп, көмек көрсетті.