Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы таныстырылды

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы таныстырылды

Биыл елімізде наурыз мейрамы жаңа тұжырымдама бойынша тойланады. Наурыз мейрамына ерекше ұлттық идеологиялық басымдық берілгелі отыр.

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасын БАҚ өкілдеріне Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Болатқызы өзі таныстырды.

-Біріншіден, мерекенің жаңарған мазмұнының көрінісі ретінде және оның қоғамды біріктіруші ролін арттыру мақсатында Наурыздың бірыңғай логотипі бекітілді. Ауқымды мерекелік іс-шараларды брендтеу – қазіргі жаһандық қоғам үшін көзтаныс құбылыс. Бұл шара мерекенің ел ішінде және шетелде бірегей әрі жағымды бейнесін жақсартады, оның идеялық құндылығын және экономикалық тұрғыдағы құнын арттырады,- деп атап өтті Гүлжанар Шөкеева.

Наурыз мейрамының логотипінде үш қызғалдақтың бейнесі бейнеленген.

-Логотиптегі үш қызғалдақ бейнесі қазақ халқы үшін қасиетті ұғымдарды меңзейді. Бұл көшпенді халықтың дүниетанымына, оның әлемдік құрылысқа деген ерекше көзқарасына байланысты.

«Үш» саны қазақ үшін қасиетті саналады: үш жұрт,үш @@ғайып, үш қуат т.б.
@Үш қызғалдақ уақыттың үш кезеңінің (кеше, бүгін, @ертең) ажырамас байланысын, тарихымыз бен мәдениетіміздің қазіргі және болашақтағы мұрасын, сондай-ақ туған табиғатқа деген терең құрмет пен үздіксіз кемелденуге деген ынтаны кескіндейді,- деді наурыз логотипін журналистерге таныстырған Қоғамдық даму басқармасының басшысы.

Бұл наурыз бұрынғыдан өзгерек. Иә, расымен де биылғы наурыз мерекесі биыл ерекше форматта тойланады деп күтіліп отыр.

Елімізде 14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі жарияланады.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева айтты.

Гүлжанар Болатқызының айтуынша, биылғы наурыз мейрамын тойлау 14 наурыз күнгі көрісу айт мейрамынан басталып 22 наурыз күні әз-Наурыз мейрамына ұласады.

«Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Бұл мейрамды халқымыз тұтас ел болып, бір ұлт болып түгел тойлайды. Яғни, Әз Наурыз – нағыз халықтық мейрам. Бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық, отаншылдық сияқты қасиеттер осы ұлық мерекеде көрініс тапқан. Біз – ата жолын жалғаған жұртпыз» - деп Наурыздың идеологиялық рөлін атап кеткен болатын Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев,-деді облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Болатқызы.

zhaikpress.kz
@zhaikpress
@rsk.zko
@batys.kz
@bko.madeniet


#nauryznamabqo