«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Шалғай БПҰ-ның мүшелері және ауыл медбикесі Н.Хасанова дәрігерлік кеңес өткізіп, үйде медициналық тексеру жұмыстары жүргізілді.
Бұл жобаның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту болып табылады. Аудандағы отбасылар мен балалардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды күшейту және жағдай жасау мақсатында аталған шаралар жалғасын табады.