Жастар – дамудың басты қозғаушы күші. Жастарды жұмысқа орналастыру, өзін-өзі жүзеге асыру үнемі мемлекеттің назарында. Экономикада, ғылымда, өнерде, мәдениетте, спортта, сондай-ақ мемлекеттік қызметте талантты жастардың өзін-өзі тануы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалды.
Еліміздің болашағы жастарға тиесілі.
Бүгінгі таңда мемлекеттің басты басымдығы жастар үшін әлеуметтік лифттердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекет басшысы жастарды қолдауға бағытталған бірқатар шараларға бастамашылық жасады.
Президенттік жастар кадрлық резерв қалыптастырылды, түлектерді мемлекеттік қызметке тікелей тағайындау көзделген, конкурстық іріктеудің жаңа тетіктері енгізілді.
Ағымдағы жылдың 1 наурыздан бастап Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады, оның құрамы конкурстық негізде облыстың жас талантты мамандарының арасынан іріктелетін болады.
Әр өңірде өзінің өңірлік кадр резерві қалыптастырылатын болады. Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі, кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады.
Бұл өңірдің дамуына өз үлесін қосуға дайын жастар үшін мемлекеттік қызметке әлеуметтік лифт болады.
Белгілі бір саладағы кадрлар тапшылығына сәйкес іріктеу 7 салалық бағыт бойынша жүргізілетін болады – индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология салалары.
Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін өңірлік резервке қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылатын болады.
Өңірлік кадр комиссиясының шешімімен резервке екі жыл мерзімге 15 кандидат қабылданатын болады.
Алдағы уақытта оларды жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Өңірлік кадрлық резерв «әлеуметтік лифт» ретінде ең лайықты және талантты жастарға өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстан облысында қоғамның мүдделерін өз мүдделерінен жоғары қоюға дайын және қоғамның дамуындағы өз рөлін нақты түсінетін лайықты адамдар, жас ұрпақ өкілдері бар екеніне сенімдімін.
Осыны айта келе, облыс жастарын өңірлік кадрлық резервке іріктеуге қатысуға және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін алуға шақырамын.
М.Байсалов