Ауылдық округтің ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары бұл – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы.
Округ аумағында 2 ЖШС, 16 шаруа қожалықтары тіркеліп, жұмыс жасауда. Жеке шараушылықтар саны – 245 аула.
2024 жылғы 1 қаңтар айына мал саны: ірі қара мал – 1780 бас, қой мен ешкі – 2372 бас, жылқы – 136 бас, шошқа – 183 бас, құс саны – 2861 дана құрайды.
Соның ішінде: ІҚМ - Ауыл тұрғындарында 838 бас, ШҚ-тарда 942 бас, қой мен ешкі - Ауыл тұрғындарында 990 бас, ШҚ-тарда 1382 бас, жылқы - Ауыл тұрғындарында 94 бас, ШҚ-тарда 42 бас, шошқа - Ауыл тұрғындарында 140 бас, ШҚ-тарда 43 басты құрайды.
Барлық мал идентификатталған, жоспарлы вакцинациялаудан өтеді.