GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
28 октября 2024
«Komek Stop Bullying» АЖ

«Komek Stop Bullying» АЖ - балалар арасында бұзақылық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заманауи жүйе. Мобильді қосымша жедел түрде буллинг туралы дабыл беруге, психологиялық қолдау алуға және сарапшылармен кеңесуге мүмкіндік береді.

Жүйе жылдам әрекет етуге арналған. Кез келген өтініш «Komek Stop Bullying» жобасын жүзеге асырушыларға бірден түседі, бұл мәселені шешу бойынша жұмысты жедел бастауға мүмкіндік береді. Мобильді қосымша оқу процесінің барлық қатысушыларына, яғни оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге қолжетімді.

Мобильді қосымшаны жүктеу үшін сілтеме:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.stopbullying

https://apps.apple.com/kz/app/stop-bullying/id6464056749

«Komek Stop Bullying» жобасына қатысты сұрақтар бойынша +7 771 306 0909 нөмеріне хабарласуға болады.

Мәдениет және спорт
Жастар саясаты
15 июня 2024
«Мерейлі отбасы-2024»
«Мерейлі отбасы-2024» Ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды
Құрметті облыс тұрғындары!
Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық, аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту,
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.
Қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2024 жылдың 15 мамырынан бастап 15 маусымға дейінгі аралықта Орал қаласының және аудандық әкімдіктердің Ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада тапсыра аласыздар.
Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы