
Ауылдық округте шағын бизнестің 15 шаруашылық субъектісі тіркелген, оның ішінде 3 ағаш кесетін, 1 кірпіш заводы, 1 кафе және 10 сауда нүктелері жұмыс істеуде. Олар 6 азық-түлік дүкені, 2 киім кешек, 1 құрылыс материалдары және 1 дәріхана. Барлығы шағын бизнесте 65 адам еңбек етеді.
Апта сайын дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізіледі.