GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Все материалы
Ішкі саясат
28 октября 2024
Буллинг

«Komek Stop Bullying» АЖ - балалар арасында бұзақылық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заманауи жүйе. Мобильді қосымша жедел түрде буллинг туралы дабыл беруге, психологиялық қолдау алуға және сарапшылармен кеңесуге мүмкіндік береді.

Жүйе жылдам әрекет етуге арналған. Кез келген өтініш «Komek Stop Bullying» жобасын жүзеге асырушыларға бірден түседі, бұл мәселені шешу бойынша жұмысты жедел бастауға мүмкіндік береді. Мобильді қосымша оқу процесінің барлық қатысушыларына, яғни оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге қолжетімді.

Мобильді қосымшаны жүктеу  үшін сілтеме:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.stopbullying

https://apps.apple.com/kz/app/stop-bullying/id6464056749

«Komek Stop Bullying» жобасына қатысты сұрақтар бойынша +7 771 306 0909 нөмеріне хабарласуға болады.

Мәдениет және спорт
23 мая 2024
"Таза Қазақстан" акциясы

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні Переметнинский ауылы әкімінің аппараты Бәйтерек ауданының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен» бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде ауылдың саябақтары мен скверлерінде көшеттер отырғызу ұйымдастырылды. Акцияға аудан орталығында тұратын 6 отбасы, мекеме қызметкерлері, «Ясли сад - Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты.
Акцияны жүзеге асыру 200 көшет сатып алуға демеушілік көмек көрсеткен Бәйтерек жастар қозғалысы мен «Айналайын және Ко» ЖШС және «Лаура» ЖК кәсіпкерлерінің тікелей қолдауымен мүмкін болды.
Жыл басынан бері көгалдандыру акциясы аясында аудан орталығында 20 түп каштан, 200 пирамидалық терек, сондай-ақ 520 басқа да ағаш түрлері отырғызылды.
Іс-шара соңында акцияға қатысушылар үшін шағын кофе-брейк ұйымдастырылып, ауылдық округ әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Мәдениет және спорт
23 мая 2024
9 мамыр "Жеңіс күні"

Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай Бәйтерек ауданының орталығындағы “Жеңіс” саябағында “Таусылмас тағзым” мерекелік шарасы өтті.
Шараға қатысқан аудан әкімі М.Тоқжанов барша бәйтеректіктерді осынау қасиетті мерекемен құттықтады.
Шараға қатысқан ауған соғысының ардагерлері, ҰОС ардагерлерінің ұрпақтары, аудандық маслихат депутаттары, мекеме, бөлім ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер, тұрғындар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған ардагерлердің рухына тағзым етті. Салтанатты шарада батыр бабалардың қайсарлығы мен батылдығы дәріптелді.

Мәдениет және спорт
23 мая 2024
Наурыз мейрамы

Наурыз мерекесі ауданымызда кеңінен тойланды. Аудан тұрғындары мен қонақтары концерттік бағдарламаны, театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Әз Наурыз – ұлтымыздың болмысын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тәлім-тәрбиесін, руханиятын айшықтайтын мейрам. Наурыз мерекесіне арнайы қатысқан аудан әкімі Марат Тоқжанов әр шаңыраққа бақыт, береке тілеп, мерекемен құттықтады. Мерекелік шара барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, арнайы мерекелік ұтыс ойыны ұйымдастырылып, ұтысқа ие болғандарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Биылғы Наурыз тойының ерекшелігі ретінде тұрғындарға 700-ге жуық кәдесыйлар таратылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы