2026 жылдың 21 мамыр күні ауылдық округ әкімі Р.Искендиров мектеп директоры А.Сайбалиевамен бірлесе отырып «Заң және тәртіп» жобасы аясында Төтенше жағдайлар бөлім басшысы азаматтық қорғау майоры Р.Кашкинбаев, Бәйтерек ауданы полиция инспекторлары аға лейтенант Р.Тулегалиев пен капитан Т.Берекетов, ауылдық фельдшер К.Мукатовтың қатысуымен мектеп ғимаратында ата-аналар жиналысын өткізді.
Жиналыс барысында Төтенше жағдай бөлім басшысы Р.Кашкинбаев балалардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздігі соның ішінде, суда шомылу қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, балаларды қараусыз қалдырмау туралы айтылып, балалардың амандығы мен денсаулығына ең бірінші ата-аналар жауапты болатынына тоқталып, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар Егіндібұлақ ауылдық округі аумағында рұқсат етілген суға түсу орындары жоқ екені түсіндірілді.
Учаскелік полиция инспекторлары сөз алып 18 жасқа дейінгі балалардың түнгі уақытта сағат 23-00-ден кейін көшеде заңды өкілдерінсіз жүрмеуін, электр самокат, скутер мен 16 жасқа дейін балаларға жүруге болмайтыны, егер жүретін болса ата-аналары жауапқа тартылатыны түсіндірілді. Өз кезенінде, ата-аналар тарапынан ұсыныстар айтылып, қаперге алынды.
7 мамыр – Қазақстанда мемлекеттік мереке –Отан қоғаушылар күні. Ауылдық округі Ардагерлер кеңесі мен әкім аппаратының қызметкерлері ұйымдастыруымен Кеңес одағы кезінде әскерде болған тұрғындары Абугалиев Салауат Едресович, Яскевич Иосиф Генадьевич, Төлеуов Қантөре Жақсылыкович, Тудаков Андрей Винальевич, Калманов Алмас Борисович, қазіргі уақытта Қазақстанда Отан алдындағы әскери борышын өтеп келгендер Хамидуллин Канат Кайыржанович, Жамиев Нұрлыбек Алмасұлы және жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында округ әкімі Р.Искендиров, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Абугалиев, Ардагерлер кеңесінің мүшесі О.Шадиярова қатысушыларды мерекемен құттықтап, жасөспірімдерге әскерге бару маңыздылығы түсіндірілді. Келген қатысушының әрқайысы әскери өмірінен ең қызықты оқиғалармен бөлісіп, патриотизмге және отан алдындағы борышты адал өтеуге шақырды. Кеңес одағы кезінде әскерде болғандар өздерінің фотоальбомдарын алып келіп, кім кай жерде әскерде болғандарын айтты. Шара соңында дастархан жайылып жылы тілектер жалғасты.
2026 жылдың 28 қаңтар күні Егіндібұлақ ЖОББ мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында танымдық сағаты өтті. Танымдық сағатқа Егіндібұлақ ауылдық округінің № 163 сайлау учаскесінің төрағасы Н.Д.Калманова, төраға орынбасары С.Т.Куспанов, комиссия хатшысы Д.Т.Алхамова және мектеп мұғалімі Э.С.Утебаева қатысты.
Шараның мақсаты -оқушыларды сайлау процесімен таныстырып, азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру, құқықтық сауаттылықтары мен азаматтық белсенділігін арттыру. Іс-шара барысында Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде атап өтетіні айтылды. Комиссия мүшелері оқушыларға сұрақтар қойып олардың пікірлерін тыңдады. Танымдық сағат өте жақсы өтті.
2025 жылдың 14 қараша күні Егіндібұлақ ауылдық клубында аудан әкімі М.Тоқжановтың және ауылдық округ әкімі Р.Искендировтың ағымдағы жылдың 10 айда жасалған жұмыстары туралы есептік кездесуі өтті. Есептік кездесуге аудандық мекеме басшылары, Бәйтерек ауданының прокуроры А.Меңлібаев және ауыл тұрғындары қатысты. Бірінші сөз аудан әкімі М.Тоқжанов алып, ауданның жетістіктеріне тоқтап және жасалған жұмыстар туралы нақты айтып өтті. Екінші сөз округ әкімі Р.Искендиров алды. Өзінің баяндамасында жасалған жұмыстар туралы айтып, биыл ауылда әлеуметтік осал топқа жататын және ауданда үйге кезекте тұрған азаматтарға 6 екі пәтерлік үй және 1 үш пәтерлік үй салынғаны туралы тоқтап өтті.
Келесі Бәйтерек ауданының прокуроры А.Меңлібаев сөз алды. Өз баяндамасында ең басты мәселе – алаяқтар туралы айтып кетті. Телефонға банктер мен үялы байланыс оперлаторларынан келетін SMS кодтарын ешкімге айтпау, жеке мәліметтерді, соның ішінде банктік шоттар мен карталар туралы мәлімет немесе ашпау, күмәнді сілтемелерге өтпеу және күдікті қоңырауларды қабылдамау туралы түсіндірді. Еgov арқылы әр адамның атына несиені рәсімдеуге тыйым салу керектігін айтты.
Ауыл тұрғындарынан сұрақтар және шағымдар болған жоқ.
15 қазан күні ауылдық клубта "1 қазан -қарттар күні" мерекесіне орай дастархан жайылып концерттік бағдарлама өткізілді. Құттықтау сөз округ әкімі Р.Искендиров алып барлық келген қонақтарға денсаулық пен ел тыныштығын тіледі. Сонымен қатар, жыл ішінде мерей жасқа толып кеткен қарияларымызды құттықтап сыйлықтар табыстады. Соның ішінде Исмагулова каламкас - 80 жас, Амангалиева Айслу - 75 жас, Лапухина Людмила -70 жас, Харкина Нина - 70 жас. Округ әкімі осы мерекеге атсалысып демеушілік көрсеткен Марченко А, Судаков А.В. ШапошниковВ.А, Сакпиреев Б.А. және Аристанов Е.Р. шаруа қожалық басшыларына алғыс білдірді.
Мектеп директоры А.Сайбалиева келген қонақтарды мерекемен құттықтап, аман сау жүрулеріне тілектесіп, осы мерекеге келгендеріне рахмет айыты. Оқушылар өз билерін көрсетіп, ән айтты.
Келген қонақтар кезекпен бір- бірін құттықтап, бұрын қалай жұмыс істегендерін еске алып ән шырқады. Оларға баянмен қолдау көрсеткен Зеленов ауылдық клубының меңгерушісі Мейрам Айсагалиев. мерекеде би билп, ән айтылды. Мереке өте көңілді өтті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Туды, елтаңбаны және әнұранды қоса алғанда, Қазақстанның алғашқы мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді. 2007 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды.
2025 жылғы 4 маусымда сағат 10-00-де әкімдік ғимаратының жанында әкімдік, мектеп, кітапхана және ауылдық клуб қызметкерлері Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Ауылдық округ әкімі Р.Искендіров қатысушыларды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, неге біздің рәміздерімізді құрметтеуге және сақтауға тиістігімізді атап өтті. Әнұранды орындағаннан кейін «Мемлекет рәміздерін біл» акциясы өткізіліп, ауыл тұрғындарына жалаушалар таратылды. Мектеп ауласында кішкентай балалармен флешмоб ұйымдастырылды.
Бұл күні аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жастары біздің округтің ең биік жерінде болып, «Мемлекеттік рәміздер - біздің бірлігіміздің символы» республикалық челленджіне қосылып, жалаулармен суретке түсті.
1 маусым күні сағат 10-00-де Егіндібұлақ ауылының балалар ойын алаңында мектеп, клуб және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "1 маусым- Халықаралық Балаларды Қорғау күніне" орай шара өткізілді. Ең басында округ әкімі сөз сөйлеп, 2024 жылдың 1 маусымы және 2025 жылдың 1 маусым аралығында дүниеге келген барлық нәрестелерді мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Мереке жүргізушілері балалармен әр түрлі ойын ойнатып, жұмбақтардың жауабын тапқан балаларға сыйлықтар берді. Балалардың мерекесі барысында алма, апельсин, киви жемістері және "Турганбаева" жеке кәсіпкер Гаухар Турганбаева барлық балаларға балмұздақ, ал "Айлана" жеке кәсіпкер Алан Утегалиев табиғи шырын таратты. Мерекелік бағдарламада қуыршақ арбаларының шеруі өтті. Оларға естелік сыйлықтар берілді. Осы шараға демеушілік көрсеткен "Сундеткалиев А.С.", "Шапошников В.А.", "Марченко" шаруа қожалық басшыларына және "Айлана", "Адильбек", "Турганбаева Г.", "Азиз" жеке кәсіпкер басшыларына округ әкімі ризашылығын білдіріп алғыс атты.
Егіндібұлақ ауылының мектеп спортзалында аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толуына орай ауылдың интернационалдық отбасылар арасында спорттық шара өткізілді. шараға Масловтар мен Калмановтар отбасы қатысты. Шара бастамасында округ әкімі Р.Искендиров сөз сөйлеп, отбасыларға сәттілік тіледі. Спорт нұсқаушысы М.Кенжегалиев жарыстың ережесімен таныстырды. Осы шараға демеушілік білдіріп сыйлықтар алған "Сундеткалиев А.С." шаруа қожалығының басшысы Сундеткалиев Айбар. Жарыс өте достықта, отбасылар бір-біріне тіреу көрсетіп жақсы деңгейде өтті. Спорттық шара соңында отбасыларға аналар кеңесінің атынан Алғыс хат және демеуші атынан сыйлықтар табысталды.
2025 жылдың 30 сәуірінде «Егіндібұлақ " мектеп-бөбекжай- балабақша-мекте " кешені» ғимаратында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды , кейін ауылдық округ әкімі Р.Искендіровке сөз берді, ол баршаны мерекемен құттықтап, баршаға денсаулық, Қазақстанның гүлденуіне және бейбітшілекпен келісімде өмір сүруге тілектесті. Барлық сыныптар мерекеге белсене қатысып, 9 республиканың көркемөнерпаздары көрсеттіп, дастарқан жайыды. Сондай-ақ, концерттік бағдарламаны бастаған ауылдық клуб қызметкерлері қатысты. Концерт барысында әр республика концерт қонақтарына тәтті-дәмділер сыйлады. концерттен кейін қатысушылардың барлығы «Қазақстан халқының бірлігі» атты дастарқанға шақырылды.
| кезек нөмірі | Тегі | Аты | әкесінің аты | өтінім берген күні | Өтініш нөмірі | жер телімін алу мерзімі , жылы | елді мекен атауы |
| 3 | Муратов | Туакбай | Болатович | 03.07.2024 | 101000060919062 | 2024 | Егіндібұлақ |
| 4 | Алекберзаде | Элшам | Дилгамоглы | 03.07.2024 | 101000060922053 | 2024 | Егіндібұлақ |
| 5 | Бергалиева | Алтынай | Зинуллиевна | 03.07.2024 | 101000067297223 | 2024 | Егіндібұлақ |
| 6 | Коняева | Эльнара | Майдановна | 03.07.2024 | 101000067372562 | 2024 | Егіндібұлақ |