
Округте мемлекттік және орыс тілінде оқытатын 1975 жылы құрылған 1 орта мектебі жұмыс жасайды. Мектеп жанында 24 орынға балабақша жұмыс жасайды. Мектепте 38 мұғалім оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Оның ішінде жоғары білімді - 31, арнаулы орта білімді - 7 мұғалім. Оқушылар саны - 82. 42 оқушы ыссы тамақпен қамтылған. Мектп компьютермен қамтылған. Қазіргі таңда 5 интерактивті тақта мен 2 проектор іске қосылған. 2022 жылы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 40 бейне бақылау орнатылған.
Мектеп мұғалімдері мен оқушылары аудандық, облыстық, республикалық сайыстар мен спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектеп спортзалында шағын футбол, баскебол және волейбол секциялары, тоғызқұмалақ, асық атудан үйірмелер өткізіледі.