«Komek Stop Bullying» АЖ - балалар арасында бұзақылық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заманауи жүйе. Мобильді қосымша жедел түрде буллинг туралы дабыл беруге, психологиялық қолдау алуға және сарапшылармен кеңесуге мүмкіндік береді.
Жүйе жылдам әрекет етуге арналған. Кез келген өтініш «Komek Stop Bullying» жобасын жүзеге асырушыларға бірден түседі, бұл мәселені шешу бойынша жұмысты жедел бастауға мүмкіндік береді. Мобильді қосымша оқу процесінің барлық қатысушыларына, яғни оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге қолжетімді.
Мобильді қосымшаны жүктеу үшін сілтеме:
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.stopbullying
https://apps.apple.com/kz/app/stop-bullying/id6464056749
«Komek Stop Bullying» жобасына қатысты сұрақтар бойынша +7 771 306 0909 нөмеріне хабарласуға болады.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУІНЕН.
«Мерейлі отбасы-2024» Ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды
Құрметті облыс тұрғындары!
Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық, аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту,
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.
Қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2024 жылдың 15 мамырынан бастап 15 маусымға дейінгі аралықта Орал қаласының және аудандық әкімдіктердің Ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада тапсыра аласыздар.
Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтары салынды!
Достық ауылдық округін су басы қауіпі халықтың жергілікті атқарушы органдары мен бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында санаулы шығындармен жеңіл өтті.
14 наурыз - көрісу күні ауылдық округ әкімі, аудандық мәслихат депутаты, мектеп директоры, әкім аппаратының қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері ауыл үлкендерімен көрісті.
Достық ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай шара өткізіліп, әйелдер қауімі ауылдық округтің өмірі мен дамуына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттарымен марапатталды.
Достық ауылдық округінде наурыз айында көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары жүргізілген болатын.
Байланыс сапасын тексеру нәтижесінде ауыл тұрғындары байланыс күшейткіштерін ( усилитель) айырмай тұрғаны анықталды. Күшейткіш құралдарын айырмай отырған ауылдастардың айналасындағы көршілеріне кедергі жасайтыны анықталды. Сондықтан күшейткіштерді айыруы сұралатын хабарлама таратылды . (Достық ауылында 2023 жылы қосымша Билайн ұялы байланыс операторының базалық станциясы орнатылып, ескі базалық станциясы күшейтілді.)