17 наурыз – Шаңырақ күні

17 наурыз – Шаңырақ күні
Бүгін, 17 наурыз Наурызнаманың төртінші – "Шаңырақ күні". Бұл күн елімізде жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған. Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы "Шаңырақ" күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.
Салт-дәстүрлерімізге мән беретін шаңырақ иелерінің бірі Тасименов әулетіне биыл шаңырақ көтергендеріне 50 жыл толуда.Амангелді Биғалиұлы мен Дәметкен Кенжеғалиқызы бүкіл өмірін Чиров ауылында өткізді.Олар жастайынан зейнеткерлікке шыққанша ауылдағы Карл Маркс атындағы колхозда адал еңбек етті.Олар отбасында үш ұл тәрбиелеп өсірді.Оларды ауылдастары сыйлап,құрметтейді. Осындай керемет күнмен құттықтап, денсаулықтарына ұзақ ғұмыр тілеп жақсы тілектерімізді айтып кездесу өткіздік.Осындай алтын жұпқа естелік кәдесый табыс етілді.