GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Сайлау
28 мая 2026
Белес ауылдық округі әкіміне сайлау
Киберқауіпсіздік
15 декабря 2025
Киберқауіпсіздік
Киберқауіпсіздік
15 декабря 2025
Бала қауіпсіздігін интернетте қалай қамтамасыз етуге болады?
ТҮКШ
06 октября 2025
Тұрмыстық үй іші газ жабдықтарына техникалық қызмет жасату үшін келсімшарт жасау туралы
Ауыл шаруашылығы
21 июля 2025
Ауыл шаруашылығы санағы
Төтенше жағдайлардың алдын алу
30 июня 2025
Жазғы маусымда судағы жүріс-тұрас ережелері
Төтенше жағдайлардың алдын алу
30 июня 2025
Тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Ауыл шаруашылығы
15 апреля 2025
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы

Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Биыл елде саланың жай-күйі туралы маңызды деректер беретін ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады.

Санақтың мақсаты – экономиканың аграрлық секторының дамуын болжау мақсатында ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу.Жиналған деректер ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеуге, іріктемелік бақылаулар мен бір реттік есепке алуды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңартуға қызмет етеді.Санақтан алынған мәліметтер ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін пайдаланылатынын атап өткен жөн.Санақ жүргізіледі:заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары үшін онлайн режимінде 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін жеке қосалқы шаруашылықтар үшін – 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында планшеттерді қолдану арқылы сауалнама әдісіменАуыл шаруашылығы тауар өндірушілерін атсалысуға шақырамыз, жалпы саланың болашағы сіздерге байланысты!

Мәдениет және спорт
31 марта 2025
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен берекенің жарқын символы!
Мерекелік шараға ауыл әкімі Б.Жунусова құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мерекесіне орай өткен жас ерекшелігі 35 жастан жоғары батагөй аға буын, ақсақалдар арасында Республикалық батагөйлер байқауына Белес а/о Ақжол ауылы тұрғыны зейнеткер Алипов Мамай Дүйсенғалиұлы және Белес ауылының тұрғыны алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Егізбаев Жасұлан Ермекқалиұлы қатысқаны үшін Бәйтерек ауданы әкімі М.Тоқжановтың атынан алғыс хат марапатын табыстады.
Сонымен қатар, қазақ күресі, қой көтеру, қошақан көтеру, арқан тарту секілді Ұлттық ойындар ойнатылды.
«Қазақ күресі -80 кг салмақта» жарысы келесі нәтижемен аяқталды:
1 орын – Усенов Адилбек
2 орын – Мәди Алихан
3 орын -Пазл Еламан
«Қазақ күресі +80 кг салмақта» жарысы келесі нәтижемен аяқталды:
1 орын –Байзенов Шерхан
2 орын – Уразгалиев Арсен
3 орын -Бигишанов Аян
«Қой көтеру» нәтижесі бойынша
Жеңімпаз – Измағанбетов Нұрлан
«Қошақан көтеру» нәтижесі бойынша
Жеңімпаз-Құдайберген Дәулет
“Арқан тарту ” нәтижесі бойынша
1 орын –М. Өтемісов көшесі
2 орын – Жастар тобы
3 орын-Оқушылар тобы
Жеңімпаздар ақшалай, қой және қошақан сыйларға ие болды.
Жеңімпаздарға демеушілік көрсеткен «Ливкино» ЖШС басшысы М.Марченко, «Gip Agro» ЖШС басшысы И.Гапченко, ИП Байдырахманова және де Ұлттық тағамдарға «Аслан» дүкені (Муканова Т),«Амангелді» ш/қ Имагамбетов А кәсіпкерлеріне алғысымызды білдіреміз!
Көктемнің шуағымен келген Наурыз әр шаңыраққа береке, ырыс пен молшылық алып келсін!
Мәдениет және спорт
31 декабря 2024
Жаңа жылдарынызбен!!!

2024 жылдың Жаңа жыл мерекесі қарсаңында "Белес Агро" ЖШС демеушілігімен әлеуметтік осал топтағы 55 отбасының балаларына сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттары Бибигуль Ахметжанова және Асель Изжанова ерекше қажеттілігі бар бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстады.
Барша демеушілерімізге көрсеткен көмегі үшін алғысымызды білдіреміз. Жаңа жыл құтты болсын!!! 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы