Бүгінгі күні ауданда Жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жағдай келесідей сипатталады:
-экономикалық белсенді халық 817 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 45,9% құрайды (1778 адам);
- әр түрлі қызмет саласында 744 адам жұмыс істейді.
Жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар – 28 адам.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 14 адам жіберілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 3 адам жолданды.
Жастар тәжірибесіне – 7 адам жолданды.
Грант -2 адам.
Алғашқы жұмыс орны – 3 адам.
1 отбасы Атаулы әлеуметтік көмек алады.
Белес ауылында "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімінің штатында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 1 әлеуметтік қызметкер бар.