Меню

Страницы

Статья

«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

Баспасөз хабарламасы

 

«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.

 

Шетелдік дереккөздердің мәліметінше (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/apple-account-change-alerts-abused-to-sendphishing-emails/https://itspeaker.ru/news/khakery-atakuyut-polzovateleyapple/https://securitymedia.org/news/list/apple-prevratili-v-fishing-retranslyator-moshennikivshivayut-primanku-v-legitimnye-uvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған хабарламалар таратуда.

 

Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып, хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.

 

Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.

 

Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:

 

- құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатуды ұсынады;

 

- құпия деректерді, соның ішінде парольдерді сұратады;

 

- шұғыл және қауіп-қатер сезімін тудыра отырып, психологиялық тәсілдерді пайдаланады.

 

Цифрлық ұсынылады: қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау

- күмәнді сілтемелерге өтпеу және хаттағы нөмірлерге қоңырау шалмау; - сатып алу туралы ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеру; - бөгде бағдарламаларды орнатпау; - екі факторлы аутентификацияны пайдалану. Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

 

Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
21 мая 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 мая 2026
«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»
Ақпарат
13 мая 2024
Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алуды жөн көреді
Ақпарат
28 февраля 2024
Әлеуметтік сала

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы