GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
Ішкі саясат
19 октября 2026
"Қарттарым асыл қазынам" атты мерекелік шара

16 қазан күні «Арман» кафесінде ауылымыздың ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында ауылымыздың қадірлі қарияларына ерекше ықылас көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Ақ дастарқан басында бас қосқан үлкендеріміз бір-бірімен жүздесіп, әңгіме-дүкен құрып, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. Ізгі тілектер айтылып, ақ баталар берілді. Осындай басқосулар үлкендеріміздің көңілін көтеріп қана қоймай, олардың қоғамдағы орны мен қадір-қасиетін тағы бір мәрте айқындай түседі.

Осы мерекелік кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен “Авангард”ЖШС-не, “Плаксин” шаруа қожалығына, жеке кәсіпкерлер: Камалова А.П., Аменова Ж.К., Сундеткалиева М.Т., Хадымова Ж.Г., демеушілік танытқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз! Ұйымдастыруға атсалысқан І.Есенберлин мектеп ұжымы, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана және ауыл әкімі аппаратының қызметкерлеріне, “Арман”кафесінің иесі Ляззат Бауыржанқызына ризашылығымызды білдіреміз!

Жақсылық жасау – жүректің кеңдігі мен жанның жомарттығын танытатын ізгі қасиет. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында үлкендеріміз бір сәт болса да ерекше ықыласқа бөленіп, өздеріне деген құрметті сезінді. Қариялардың қуанышты жүзін көріп, ақ баталарын алу – біз үшін үлкен мәртебе әрі рухани байлық.

Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз! Әрдайым ел игілігі үшін атқарып жүрген ізгі істеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз асқақтай берсін! Балаларыңыздың қызығын көріп, ұрпақтарыңыздың ортасында сый-құрметке бөленіп, ұзақ ғұмыр кешулеріңізге тілектеспіз!

ТҮКШ
29 июня 2026
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

Атамекен ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орны ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

ТҮКШ
29 июня 2026
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

Атамекен ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орны ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мәдениет және спорт
02 апреля 2026
"Наурыз береке бастауы"

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні Атамекен ауылында Наурыз мерекесі кеңінен атап өтілді. Орталық алаңда мекемелер арасында ұлттық тағамдардан жайылған ақ дастарханнан жұртшылық дәм татты.                  Ауыл әкімі Фархат Мәлікұлы жиналған ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Мерекелік шара мерекелік концерт, ұлттық спорттық ойындармен жалғасты. Ұлттық спорт ойындарының жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Киберқауіпсіздік
17 декабря 2025
Киберқауіпсіздік
Мәдениет және спорт
08 апреля 2025
22 наурыз - Наурыз мейрамы!

22 наурыз күні Атамекен ауылында “Нұр Наурыз - халық тойы!”атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға “Киргенев” шаруа қожалығы, “Авангард” ЖШС, І.Есенберлин мектебі, Фап, Клуб, кітапхана, “Туысқандар”(Байбуловтар және Сарбалиндар отбасы) және Ауылдық округ әкімінің аппараты. Осы аталған мекемелер ұлттық тағамдар дайындап, сонымен қатар палау, кәуәп және самаурынға шәй қайнатып, ауыл тұрғындарына дәм татқызылды. Мерекелік концерт соңында үстел әзірлеген мекеме ұжымдарына тәтті торттар сыйға тартылды. Ұлтттық спорт ойындары (гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тарту) өткізілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Қаржылай демеушілік көмек көрсеткен “Киргенев” шаруа қожалығының басшысы: Қайыржан Есенгелдіұлына зор алғысымызды білдіреміз. Мерекелік шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан барлық жандарға алғысымыз шексіз. Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ұлын оң болсын,

Ақ мол болсын!

#Наурызнама #ҰлыстыңҰлыКүніҚұттыБолсын

 

Ішкі саясат
27 февраля 2025
"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Атамекен ауылының жалғызбасты зейнеткерлерінің үй аула маңын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
✅Акцияның мақсаты: Жастардың бойында үлкенді сыйлау, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, адамгершілік қасиеттерді сіңіру.
#ардагерлердіардақтайық

#жақсылықжасапжарысайық

Мәдениет және спорт
20 февраля 2025
Үстел теннисінен аудандық турнир

Атамекен ауылдық округінде үстел теннисінен жастар арасында аудандық турнир өткізілді. Оған Атамекен, Шалғай, Зеленый, Егіндібұлақ, Переметный ауылдарының командалары қатысты.
🥇Асқар Тасмұханов,
🥈 Әлішер Тасмұханов,
🥉Серік Сурукпаев иеленді.
Үздік шабуылдаушы – Мамалаев Гаджи
Үздік қорғаушы – Максим Шаутенов
Үздік ойыншы – Амангелді Бекарыс. Жарысқа қатысушылар мақтау қағаздары мен медальдармен марапатталды.

Мәдениет және спорт
20 февраля 2025
Ауған ардагерлеріне тағзым

Атамекен ауылдық клубында Ілияс Есенберлин атындағы Жббом және мәдениет, кітапхана қызметкерлерімен бірігіп, ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғаныстан аумағынан шығарылғанына 36 жыл толуына арналған "Ауған ардагерлеріне тағзым" атты ауған ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесуге ауған ардагерлері Гадилча Жанчанович Маметанов, Серик Мулдагалиевич Джарасов, Иван Геннадьевич Грецкий, Владимир Викторович Мельченко қатысып оқушыларға бейбіт өмірдің маңыздылығы, туған жерге қызмет ету, Отанды қорғау -басты міндет екендігін айтты. Экраннан Ауған соғысы туралы бейнебаян көрсетіліп, мәдениет кызметкерлері "Ауғаныстан", "Офицеры" әндерін, А.Нигметов және Д.Нурашев орындауында "Вновь ребят зовет дорога" т.б әндер орындалды. Мектеп оқушылар ауған ардагерлеріне сұрақ қойып, пікір алмасты.

Мәдениет және спорт
13 февраля 2025
Мекемелер арасында волейбол жарысы!

 Атамекен ауылында мекеме қызметкерлерінің арасында волейбол жарысы өткізілді. Жарысқа “Авангард ЖШС”, І.Есенберлин мектебінің мұғалімдері, Атамекен ауыл студенттері, Қайнар жастары және Атамекен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
🥇 “Авангард ЖШС”
🥈Атамекен ауылының студенттері
🥉Атамекен ауылдық округ әкімінің аппараты
🤾🏻‍♀️“Үздік шабуылдаушы”- Мендалиева Тамирис
🤾🏻‍♂️“Үздік байланыстырушы”-Адайев Берік
🤾🏼“Үздік қорғаушы”- Саньковский Анатолий
🤾🏻‍♂️“Үздік жалғастырушы”-Амангалиев Адильхан
Жеңімпаздарға грамоталармен медальдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Демеушілік ақшалай көмек көрсеткен жеке кәсіпкер “Камалова А.П” Айжан Панагуловна Камаловаға шексіз алғысымызды білдіреміз!!!
Ұйымшылдықпен қатысқан барлық командаларға жақсы ойын көрсеткені үшін рахмет айтамыз!!!!!!✊🏻✊🏻✊🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы