Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

Атамекен ауылында 282 үй, соның 188 немесе 65,5 %  орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген. Қайнар ауылында 201 үй, соның ішінде 190 немесе 96,4 %  орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген. Округтің әлеуметтік нысандарында барлығы 5 бу қазандығы тоқтаусыз жұмыс жасауда. Округтің 92,9 пайызы көгілдір отынын пайдалануда. Округ аумағы 100% электрлендірілген, барлық үйлер мен нысандар электр желісіне қосылған. Атамекен және Қайнар ауылдарына 3 (үш) ескі трансформаторлар жаңаға ауыстырылды. Ауылдық округі бойынша 10 сенбілік ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарына қоқыстарды уақытымен жинау үшін ұйғарым таратылып, Атамекен және Қайнар ауылдарынан 1500 тн қоқыс шығарылды, Қайнар ауылында  «Кселл» ұялы байланыс антеннасы орнатылды. Ауылдық округі бойынша жаңа жылдан бастап 55 қаңғыбас ит ауланды, жұмыстар жалғасуда. Атамекен ауылында «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 350 жас көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар  Қ.Кайсенов және І.Есенберлин мектептерінің айналасына, ауылдық клубтарында, Қайнар ауылының саябағында барлығы 33 түп отырғызылды. Сондайақ «Киргенев» ШҚ  Атамекен ауылын орталығына түрлі көп жылдық  гүлдер және көшеттер  отырғызу үшін 1 000 000 теңгеге демеушілік көрсетті. Қыс бойы елдімекендердің ішкі жолдарын тазалау  «SK BASI» ЖШС-і тендер ұтып жұмыстар ұйымдастырылды, сонымен қатар «Авангард» ЖШС және «Киргенев» ШҚ көмегімен қар аршу жұмыстары жүргізілді. Атамекен ауылында 2023 жылғы тамыз айыннан бастап типтік мал моласының құрылысы аяқталды. Гремячий-Атамекен  жолының астына қарлы су өтетін құбыр қойылды. Құрылысқа 12 600 000 теңге қаражат жұмсалды.  Қайнар ауылында Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсанында «Достық» саябағы құрылды. Отбасы аллеясы, Депутаттар аллеясы, Меценаттар аллеясы, Мектеп түлектер аллеясы болып бөлініп көшеттер отырғызылды.

Дата публикации
14 марта 2024
Дата обновления
14 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 марта 2024
Сайлау
Ақпарат
14 марта 2024
Әлеуметтік қорғау
Ақпарат
14 марта 2024
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы