
Атамекен ауылдық округі бойынша Қоғамдық кеңес, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесі, Әйелдер кеңестері құрылып, жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар Жастар саясаты бойынша жұмыстарда үнемі жүзеге асырылуда. Ауыл жастарын жан-жақты қолдау, оларды заман талабына сай бейімдеу және мемлекеттік бағдарламаларға тарту басты назарда. Ауылдық округте халық саны 1475 адам, олардың 228-і, яғни 18 пайызын жастар құрайды.