Атамекен ауылдық округінде 2025 жылы жалпы егiстiк алаңы 39 761 га құрады, ауылдық округі бойынша 32 673 га жерге дәнді дақылдар және егін салынып, әр гектардан 6,7 центнер, барлығы 21 810,9 тонна өнім жиналды. Соның ішінде 9088 га жерге күзгі бидай егіліп, әр гектардан 4,7 центнер, барлығы 4 306,6 тонна өнім жиналды. 2024 жылға егін жинау үшін 7117,4 гектар күзгі бидай егілді. Жазғы дақылар барлығы 13 548 га егіліп, соның ішінде бидай 11 872 га, әр гектардан 7,9 центнер, барлығы 94 37,4 тонна өнім жиналды, 1676 га арпа егіліп әр гектардан 4,8 центнер, барлығы 805,2 тонна өнім жиналды. Майлы дақылдар 10 037 га егіліп, соның ішінде күңбағыс 5966 га әр гектардан 6,5 центнер, барлығы 3913,0 тонна өнім жиналды. Сонымен қатар сафлор 4071 га егіліп, әр гектардан 8,2 центнер, барлығы 3348,7 тонна өнім жиналды. Бақша дақылдары барлығы 8 га егілген, соның ішінде картоп 2 га егілді. Мал азығы барлығы (кормовые культуры) 7 088,3 га егілген, соның ішінде көп жылдық шөптер 5422,3 га, жайлымдар мен шабындықтар -844га.