
БҚО Өңірлік комуникациялар қызметі алаңында БҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Ситказиев Берік Маратұлы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының орынбасары Темірғалиев Азамат Әбілқайырұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шара барысында 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарының өту барысы және су тасқынына байланысты шығындарды өтеу туралы айтылды.
Брифингте Берік Маратұлы 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарының өту барысы туралы баяндады:
Облыста биылғы жылы егіс алқабы 607 мың га құрайтын болады, соның ішінде дәнді дақылдар – 287 мың га, майлы дақылдар – 116 мың га, мал азықтық дақылдар – 194 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары – 9,8 мың га.
Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын ауыл шаруашылығы техникалары толықтай дайындалып, алқаптарға шықты.
Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге 8,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Дизель отынын облысқа тасымалдайтын оператор болып «NEFTEK Operating» ЖШС анықталды. Жанар-жағармайдың 1 литрінің құны – 238 теңге.
Өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламалары мен қызметтер көрсетуге бюджеттен биыл 1,9 млрд. теңге бөлінсе, соның ішінде субсидиялау бағдарламаларына 1,4 млрд. теңге қаралды, бұл былтырғыдан 27%-ға артық.
Бағдарламалар бойынша тоқтала кетейін:
- тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 284 млн. теңге;
- тыңайтқыштар құнын субсидиялау – 359 млн. теңге;
- пестицидтер құнын субсидиялау – 189 млн. теңге;
- басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау – 495 млн. теңге;
- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру қызметтерін құнын субсидиялау – 37 млн. теңге бөлінді.
Берік Маратұлы өңірімізде болып жатқан төтенше жағдай су тасқынында айналып өткен жоқ.
Ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап қардың қарқынды еруі, жауын-шашынның көп болуы және су айдындарындағы су деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде Бөрлі, Қаратөбе, Теректі, Сырым, Бәйтерек аудандары және Орал қаласы су астында қалды.
Бүгінгі күнгі ақпарат бойынша құтқару жұмыстары барысында 6 912 бас ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы бөлінген орындарға эвакуацияланды, оның ішінде 2 696 бас МІҚ, 3 082 бас ұсақ мал және 1134 бас жылқы, 1 бас түйе.
Аудандарда құлаған мал басының санын анықтау бойынша жұмыс жүргізетін арнайы комиссия құрылды.
Бүгінгі күні арнайы құрылған (аудандық деңгейде) комиссия 2 399 бас Ауыл шаруашылығы жануарларының, оның ішінде 341 бас ірі қара малдың, 63 бас жылқының, 1 741 бас ұсақ малдың, 116 бас шошқа және 138 бас үй құстарының өлімін растады (актімен).
Өтемақы төлеу үшін 187 491,1 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда 137 өтініш бойынша аудан әкімдіктері 177 бас ІҚМ-ға, 671 бас ұсақ малға, 46 бас жылқыға, 54 бас шошқаға және 52 бас құсқа 126 912,4 мың теңге төледі.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының орынбасары Темірғалиев Азамат Әбілқайырұлы 2024 жылға БҚО Филиалына қойылған жалпы жоспар көлемі 11 млрд.теңгені құрайтының, оның ішінде «Кең дала» бағдарламасы бойынша 2,4 млрд. теңге жоспарланғанын және қосымша 8,7 млрд. теңге бөлінуде екенің атап өтті.
Бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге арналған «Кең дала» бағдарламасы арқылы 2,2 млрд.тенге несие қаражаты игеріліп, 64 ауылшаруашылығы субъектілері несиелендірілді. Бұл бағдарлама бойынша қойылған жоспардың орындалуы 91% құрайды.
«Кен дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қажеттілігі бар клиенттерге қосымша қаражат бөлінеді, барлық қаржыландыру бойынша сұрақтармен филиалға жүгіне алады.
Сонымен қатар су тасқынынан салдарынан зардап шеккендер, зардап шеккен жәбірленуші ретінде Жергілікті атқару органдары тізіміне енгізілсе және"Аграрлық несие корпорация" АҚ-да несиесі болса, онда ол өтеу кестесін өзгерту үшін филиалға жүгіне алады.
Қазіргі таңда бізге жалпы сомасы 11 млн. теңге болатын 6 өтініш келіп түсті.
Брифинг барысында бұқаралық ақпарат өкілдері туындаған сұақтарын қойып, спикерлер сұрақтарға жауап берді.
Аталған брифинг «Jaiyq Press» медиахолдингі және БҚО Өңірлік комуникациялар қызметінің Facebook парақшасында тікелей эфирінде көрсетілді.