ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Сапар барысында, облыстық салалық басқарма басшылары, мекеме басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен өткізілген кеңеске қатысты.

Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмухамбетовтың төрағалық етті.

Кеңес, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рустем Мулкайұлының «2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарының өту барысы туралы» баяндамасымен басталды.

Баяндамада Рустем Мулкайұлы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, өсімдік шаруашылығында қабылданып жатырған шараларға тоқталды.

«Облыста биылғы жылы егіс алқабы 607 мың га құрайтын болады, соның ішінде дәнді дақылдар – 287 мың га, майлы дақылдар – 116 мың га, мал азықтық дақылдар – 194 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары – 9,8 мың га.

Егіс алқаптарын әртараптандыру бағытында бидай егісін оңтайландыру арқылы майлы, бұршақты, мал азықтық, картоп, көкөніс-бақша дақылдарының егіс алқаптары ұлғайтылады.

2024 жылдың егісіне қажетті тұқым толық дайындалды. Былтыр күзде 2024 жылдың өніміне 97 мың гектар күздік дәнді дақылдар себілді.

Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге 8,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Дизель отынын облысқа тасымалдайтын оператор болып «NEFTEK Operating» ЖШС анықталды. Жанар-жағармайдың 1 литрінің құны – 238 теңге.

Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығын субсидиялау мен қызметтер көрсетуге жергілікті бюджеттен барлығы 1,9 млрд. теңге бөлінді (соның ішінде субсидиялауға 1,4 млрд. теңге).

Биыл жыл басынан бері шаруаларға 226 млн. теңге субсидия төленді. Соның ішінде, өткен жылы резервке түскен өтінімдер үшін биыл ақпан айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 190 млн. теңгеден астам субсидия аударылды.

Қазіргі уақытта тұқымға, тыңайтқыштарға, басым дақылдар бойынша субсидиялауға өтінімдер қабылдануда.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі далалық жұмыстарын қаржыландыруға 2,4 млрд. теңге бөлінді, бүгінгі таңда шаруаларға (5%-бен)  2,2 млрд. теңге (92%) несие берілді. Несиелеуге өтінімдерді қабылдау жұмыстары жалғасып жатыр.»

Кеңес барысында, «Агроөнеркәсіп кешенін несиелеу туралы» - Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалының директоры Марат Ермекұлы Сарсеев, «Облыстағы су шаруашылығының жағдайы туралы» - «Қазсушар» мекемесінің облыстық филиалы басшысының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов, «Ағымдағы жылы вегетациялық кезеңге ауа-рай болжамы туралы» - «Қазгидромет» мекемесі облыстық филиалының директорының орынбасары Олжас Садыров, «Көктемгі дала жұмыстарын өткізу бойынша рекомендациялар бойынша» - «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС бөлім басшысы Төлеген Ахметұлына Булеков сөз сөйледі.

Қорытынды сөз вице-министрге берілді, Аманғали Бисенбайұлы алдымен өңірлердегі төтенше жағдайға байланысты, төтенеше жағдай жарияланған күннен бастап министрліктің облыс әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлерде шығындарды азайту шаралары қабылданғанын атап өтті.

Жалпы су басу өңірлерде қабылданған шаралар нәтижесінде 134,7 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған.

Су басу өңірлерінде эпизоотиялық жағдайды тұрақты ұстау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті су басу аймақтарында қалған мал қорымдарда қосымша профилактикалық дезинфекциялық өңдеуді жүргізіп жатқанын айтты.

Шығын болған малдарға өтемақы алу жолдарын түсіндіріп, Үкімет тарапынан арнайы алгоритм әзірленгендігін және Батыс Қазақстан облысында осы мақсатқа 187,4 млн. теңге бөлінгенін хабарлады.

Ағымдағы жылы көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге ағаш рет 580 млрд. теңге бағытталған.

Аманғали Бисенбайұлы жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ерекше мазалайтын субсидиялар мәселесін де айналып өткен жоқ. Ағымдағы жылы субсидиялау мақсатында жалпы республика бойынша 435,7 млрд. теңге көзделген, оның ішінде:

- өсімдік шаруашылығына – 95,4 млрд. теңге;

- мал шаруашылығына 114,6 млрд. теңге;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге – 11,3 млрд. теңге;

- қаржы құралдары - 210,5 млрд. теңге;

- балық шаруашылығы – 3,9 млрд. теңге.

Батыс Қазақстан облысында субсидиялауға 36,7 млрд. теңге бөлінді.

Кездесу соңында, вице – министр облыс шаруалары көкейінде жүрген барлық мәселелері мен ұсыныстарын талқылап, сұрақтарына жауап берді.

Жұмыс сапарының екінші бөлімінде Аманғали Бисенбайұлы салалық мекемелердің тыныс тіршілігімен танысып, облыста іске асырылып жатырған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Соның ішінде, Бәйтерек ауданындағы Белес ауылында орналасқан «Арыстанов» ШҚ 400 басқа арналған сүт тауарлы фермасының құрылысымен танысты. СТФ ғимараты құрылысын 2023 жылы бастап, биылғы жылы жалғастыруда.

Қазіргі уақытта СТФ-ның құрал-жабдықтарын, ауыл шаруашылығы техникаларын, суару жабдықтарын сатып алды. 400 бас шетелдік селекциясының «Голштин» аналық мал басын сатып алуды жоспарлауда. Іске қосу мерзімі 2024 ж. қазан айына белгіленген.

2023 жылы «Агроөнеркәсіп кешен саласындағы жобаларды қаржыландыру бағдарламасы» шеңберінде облысқа 6,0 млрд. теңге бөлініп, конкурстық комиссияның шешімімен 4 инвестор іріктеліп қаржыландырылған болатын.