
Саяқ шегірткелерге қарсы күресу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы осы жұмыстарға 267,7 млн.теңге бөлінді.
Атап өтсек, Ақжайық,Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Сырым, Тасқала аудандарының аумақтарында өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Жалпы облыс бойынша жоспар 65,8 мың га өңдеу жұмыстары 57,8 мың га (87,9%) алқапта жүргізілді.
Қазіргі уақытта облыс аумағында фитосанитарлық жағдай тұрақты, саяқ химиялық өңдеу жұмыстары сала мамандарының ұдайы бақылауында.