
Облысымыздың оңтүстік аудандар аумағында киіктің көбейіп жайылымдарды таптауы, үй жануарларындағы кененің қаптауына байланысты шағымдар бойынша 2023 жылғы 13 сәуірде БҚО ветеринария, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Казталов ауданы әкімдігі мамандары аталған мәселе бойынша Казталов ауданы Қараоба ауылдық округінің жергілікті тұрғындарымен (қауымдастық мүшелері, шаруа қожалық басшылары) және БАҚ өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында киіктердің шаруа қожалықтардың жерін таптауына жол бермеу, киіктерді ауылдарға жақындатпау, киік өлекселерін утилизациялау бойынша жасалынып жатқан шаралар жөнінде, сонымен қатар ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 35-бабының, 2-тармағына сәйкес үй жануарларының иелері кенелерге қарсы профилактикалық емдеу шараларын өз қаражаты есебінен жүргізілетіндігін түсіндіріп өтті.
Соңғы үш жылда кененің көбейуіне байланысты жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, бірақ ол қаражат барлық мал басына жетпеуіне байланысты, жеке қосалқы шаруашылықтардың малын ғана емдеуге жататындығы да түсіндірілді.
Кеңестен соң округке қарасты «Нұрбақыт» ШҚ-ның ірі қара малдары кенеге тексерілді. Аталған шаруашылық малында кене болмады.