Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты шеңберінде «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобалар тобының міндеттерін іске асыру бойынша бекітілген жоспар аясында Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлері 2022 жылдың 2 желтоқсаны күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, туған өлкенің тарихи, мәдени, ғылыми дамуын дәлелдейтін саяси, әлеуметтік оқиғалар, тарихи тұлғалар өмірі жайында баяндайтын құнды деректермен танысты. Мұражай қорындағы ауыл шарушылығы өнімдерінің түрлері, шикізат өнімдері, еңбек ерлері жайындағы мәліметтер облыстың өндірістік және шаруашылық дамуының тарихын көрсетеді.