
БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мұнай өнімдерін жеткізушілерге, басқа да қаржылық тұрақты құрылымдарға облыс шаруашылықтарына
2022 жылғы күзгі-далалық жұмыстарды өткізу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытынан жіберілу бағасы тоннасына 222 мың теңгеден дизель отынын облысқа жеткізу жұмыстарын орындауды ұсынады.
Дизель отынын жеткізуге қатысуға ниет білдірушілер қатысуын жазбаша растауды және құжаттарды Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының кеңсесіне 2022 жылғы14шілдесағат 12:00-ге дейін тапсыруын сұрайды.
Әлеуетті операторларға қойылатын талаптар:
Арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға әлеуетті операторлардан талап етілетін құжаттардың тізбесі:
- арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға өтінім (ілеспе хат);
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама (мұнай базасы) (Ф-2);
- мұнай базасын жалға алған жағдайда, мұнай базасының меншік иесі мен жалға алушы арасындағы жалға алу шартының көшірмесі;
- дала жұмыстары кезінде демалыс және мереке күндері дизель отынын
8 сағаттық жұмыс күнімен босату туралы келісім-хат;
- мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы, оператордың шотында қажетті ақша қаражатының бар екені не кредиттік ресурстарға қолжетімдігі туралы банктің растауы;
- жабық (мөрленген) конверттеОрал қаласына дейін жеткізуді ескере отырып, дизель отынының 1 литріне баға ұсынысы және негізделген есептемелер (калькуляция);
- жабық (мөрленген) конверттеавтожанармай құю станцияларынан сату немесе дизель отынын облыстың аудан орталықтарына дейін жеткізудің өзіндік құны бойынша баға ұсынысы;
- дизель отынын тасымалдауға арналған арнайы автокөліктің техникалық паспортының көшірмесі.
Барлық сұрақтар бойынша: Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 75 үй, 208 кабинет, тел.: 51-18-20 хабарласуға болады.