Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2022 жылдың 8 маусымы күні Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі құрметті мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықты алдын алу тақырыбында мемлекеттік орган қызметкерлерімен жоспарларған кездесу шарасы өтті.
Кездесу спикері - мәдениет саласының ардагері Батырханов Айдар Тапашұлы. Шараға БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, БҚО қаржы басқармасы, БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасы, БҚО ветеринария басқармасы ұжымдары қатынасты.
Кездесу барысында Айдар Тапашұлы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті, жас мемлекеттік қызметшілердерді толғандырған сұрақтарға жауап бере отырып, мемлекеттік қызметшілерге маңызды да жауапты қызметтерінде сәттілік тіледі.