Ағымдағы жылдың 25 наурызында Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық Палатасының ұйымдастыруымен “Республикалық мал шаруашылығы жүйесі” ақпараттық талдау жүйесін пайдалану туралы семинар өтті. Семинар барысында шаруашылықта зоотехникалық есеп жүргізу, Палатаға асыл тұқымды мәртебе, куәліктер, субсидия бойынша өтініш беру және т.б. сұрақтар қарастырылды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.