
Дизель отынын жеткізуге қатысуға ниет білдірушілер қатысуын жазбаша
растауын және құжаттарды Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы
басқармасының кеңсесіне 2021 жылғы 16 шілде сағат 15:00-ге дейін тапсыруын
сұрайды.
Әлеуетті операторлардан арзандатылған дизель отынын жеткізу
жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға талап етілетін құжаттардың
тізбесі:
☑️арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге
қатысуға өтінім (ілеспе хат);
☑️жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы
анықтама (мұнай базасы) (Ф-2);
☑️мұнай базасын жалға алған жағдайда, мұнай базасының меншік иесі мен
жалға алушы арасындағы жалдау шартының көшірмесі;
☑️мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің
анықтамасы, оператордың шотында қажетті ақша қаражатының бар екені не
кредиттік ресурстарға қол жетімді екені туралы банктің растамасы;
☑️Орал қаласына дейін жеткізуді ескере отырып, дизель отынының 1
литріне баға ұсынысы және негізделген калькуляция жабық (мөрленген)
конвертте;
☑️дизель отынын өзіндік құны бойынша облыстың аудан орталықтарына
дейін жеткізу бойынша баға ұсынысы;
☑️дизель отынын тасымалдауға арналған арнайы автокөліктің техникалық
паспортының көшірмесі.
Барлық сұрақтар бойынша: Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесі 75, 208
кабинет, тел.: 51-18-20 хабарласуға болады.