БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында Басқарма басшысының орынбасары С. Өмірзақовтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы жиын өтті. Жиында сыбайлас жемқорлық көріністері қоғамның прогрессивті дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан мемлекет пен барлық азаматтық қоғам институттары осы жағымсыз құбылысқа қарсы тұру үшін күш-жігерді біріктіруі тиіс. Атап айтқанда, тек қана жеке командаларда ғана емес, тұтастай қоғамда құқық бұзушылықтарды жасайтын жағдайлар мен себептерді анықтай отырып, жоюға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік атмосферасын құру қажеттігі айтылды.
Жиын барысында елімізде орын алып жатқан сыбайлас-жемқорлық туралы слайд көрсетіліп, жиналғандар өз ойларын білдіріп, сұрақтарына жауаптар алды.