
2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алудың негізгі шарттары:
1. Форвардтық сатып алуды қаржыландыруды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
кепілдікті ұсынғаннан кейін алдын ала төлем;
ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізгеннен кейін күзгі кезеңде қосымша ақы.
2. Ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері: жұмсақ бидай (Triticum aestivum L.), қатты бидай (Triticum durum Desf.), арпа, сұлы, қарақұмық, күнбағыс, майлы зығыр, рапс, соя.
3. Форвардтық сатып алу арқылы сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне алдын ала ақы төлеу мөлшері және сатып алу көлемі:
|
№ р/с |
Дақылдардың атауы |
Алдын ала төлем мөлшері, теңге / тонна |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі, тонна |
|
|
ҚҚС төлемейтіндер үшін |
ҚҚС төлеушілер үшін |
|||
|
1 |
Жұмсақ бидай |
45 000 |
50 000 |
477 000 |
|
2 |
Қатты бидай |
45 000 |
50 000 |
20 000 |
|
3 |
Арпа |
35 000 |
40 000 |
30 000 |
|
4 |
Сұлы |
35 000 |
40 000 |
5 000 |
|
5 |
Қарақұмық |
62 000 |
70 000 |
5 000 |
|
6 |
Күнбағыс |
62 000 |
70 000 |
30 000 |
|
7 |
Майлы зығыр |
62 000 |
70 000 |
10 000 |
|
8 |
Рапс |
62 000 |
70 000 |
5 000 |
|
9 |
Соя |
62 000 |
70 000 |
5 000 |
4. Міндеттемелердің орындалуының кепілдемесі – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі немесе Азық-түлік келісім шарт корпорациясының контрагент-банктерінің тікелей және шартты міндеттемелері бойынша белгіленген лимиттер шегінде екінші деңгейдегі банктің кепілдігі;
5. Міндеттемелерді орындау мерзімі:
1) бидай, арпа, сұлы жеткізу кезінде - 2021 жылғы 15 қарашаға дейін;
2) қарақұмық, күнбағыс, зығыр, рапс, соя жеткізу кезінде - 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін.
6. Жеткізу шарттары – EXW «франко-зауыт» (Инкотермс-2020) Корпорация анықтаған астық қабылдау кәсіпорындарына.
7. Алдын ала төлем сомасын ақша қаражатымен қайтаруға жол берілмейді.
8. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу бағаларын Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жеткізу кезеңінде нарықта қалыптасқан бағаларға, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлеміне, негізгі шекара өткелдеріндегі ұқсас ауыл шаруашылығы өніміне экспорттық бағаларға байланысты белгілейді.
Әлеуетті өнім берушілердің форвардтық сатып алуға қатысуға өтінімдері Азық–түлік келісім шарт корпорациясының интернет-ресурсында (www.fcc.kz) электрондық нысанда, немесе мынадай мекенжайлар бойынша Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінде қағаз нысанында қабылданады:
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;
Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская к-сі, 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі, 30, кеңсе 206, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57.
Өтінім нысаны мен қажетті құжаттар тізімін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының www.fcc.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Форвардтық сатып алу бойынша қосымша ақпарат алу үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының орталық аппаратына хабарласуға болады:
8 (717-2) 59-12-32 (іш. 2373, 2275), 59-12-75, 59-12-39, 59-12-65.