Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғалымдары ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды дамыту мақсатында жергілікті шаруа қожалықтарымен бірлесіп жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда Бәйтерек ауданында 100 га алқапқа картоптың 7 түрін отырғызу жұмыстары аяқталуға жақын. Егер шаруа қожалықтары ғылым мен тәжірибені ұштастыра отырып мол өнім алар болса, бұл өңірде тұқым шаруашылығын жандандыруға жол ашпақ. Осылайша бүкіл облысты, қала берді өзге аймақтарды да картоп тұқымымен қамтамасыз етуге мүмкіндік алмақ. Картопты алқапқа біздің тілшілеріміз де барып қайтты. https://oraltv.kz/kz/news/society/oblysta-kartop-tukym-sharuashylygy-zhobasy-zhuzege-asyryluda