Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібі туралы хабарландыру

«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтерінің құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша өтінімдердің 2020 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында  қабылданатынын хабарлайды.

Өтінімдерді тапсыру мен қабылдау және субсидиялау талаптары «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 30 маусымдағы №6-3/597 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатындығын ескертеміз.

 

Дата публикации
25 февраля 2020