Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласының 2022 жылғы дамуы туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласының
202
2 жылғы дамуы туралы ақпарат

2022 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға басқармаға бюджеттен 22 090,1 млн. теңге қаржы, соның ішінде өсімдік шаруашылығына – 1 380,0 млн. теңге, мал шаруашылығына – 8 338,2 млн. теңге, инвестициялық салынымдарды субсидиялауға – 4 649,9 млн. теңге, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беруге – 2 159,8 млн. теңге, несиелердің және лизингтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға – 3 345,7 млн. теңге, басқа да шараларға – 2 216,5 млн. теңге бөлінді.

2022 жыл бойы ауыл шаруашылығын қаржыландыруға шаруашылықтармен 22 143,3 млн. теңге несие ресурстары тартылып, соның ішінде лизинг бағдарламасы арқылы 9 305,2 млн. теңгеге
779 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары сатып алынды.

Есепті жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 298 938,5 млн. теңгені, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 132 167,2 млн. теңгені, мал шаруашылығы – 165 923,0 млн. теңгені, қызметтер – 848,3 млн. теңгені құрады. Статистикалық ақпарат бойынша нақты көлем индексі 2021 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 113,2%-ды, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 131,8%, мал шаруашылығы – 101,2%-ды, қызметтер – 100,0%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 19 982,1 млн. теңге инвестиция тартылып, 2021 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 52,9%-ды құрады.

2022 жылдың 1 жартыжылдығында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 911,3 мың теңгені, еңбек өнімділігінің индексі 102,5%-ды құрады.

Өсімдік шаруашылығы.

Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы – 586,2 мың га құрады. Меморандум көрсеткіші (521,1 мың га) 112,5%-ға орындалды (65,1 мың га артық). 2022 жылдың өніміне егілген күздік дақылдарды қоса есептегенде, жалпы дәнді дақылдар егісінің көлемі 203,2 мың га құрады (күздік дәнді дақылдар – 54,7 мың га, жаздық дәнді дақылдар – 148,5 мың га), Меморандум көрсеткішіне (213,7 мың га) 95,1% - ды көрсетіп отыр.

Майлы дақылдар 185,7 мың га егілді немесе 152,3% (күнбағыс – 61,6 мың га, мақсары – 123,2 мың га, басқа майлы дақылдар – 0,9 мың га).

Мал азықтық дақылдар 187,9 мың га құрады немесе 100,3% (көп жылдық шөптер – 13,4 мың га, бір жылдық шөптер – 15,3 мың га, сүрлемді жүгері – 1,1 мың га және өткен жылдан қалған көп жылдық шөптер – 158,1 мың га).

Картоп, көкөніс және бақша дақылдары 9,4 мың га егілді немесе 103,3% (картоп – 4,1 мың га, көкініс дақылдары – 3,8 мың га, бақша дақылдары – 1,5 мың га).

Дәнді дақылдарды жинау. Облыс бойынша жиналатын 201,6 мың га дәнді дақылдар алқабы орылып, 15,8 ц/га орташа өнімділікпен 319,2 мың тонна астық алынды.

Майлы дақылдарды жинау. Майлы дақылдардың 177,6 мың га алқабынан 7,7 ц/га орташа өнімділікпен 135,9 мың тонна өнім алынды.  

Картоп және көкөніс-бақша дақылдарын жинау. Облыс бойынша картоптың 4,1 мың га алқабынан 153,9 ц/га орташа өнімділікпен 62,9 мың тонна картоп алынды.

3,8 мың га көкөніс дақылдарының алқабынан 158,6 ц/га орташа өнімділікпен 60,9 мың тонна көкөніс өнімдері алынды.

Жиналуға жататын 1,5 мың га бақша дақылдары алқабынан 205,6 ц/га орташа өнімділікпен 30,6 мың тонна өнім алынды.

Күздік дәнді дақылдардың егілуі. 2023 жылға 89,5 мың га күздік дәнді дақылдарды егу жоспарланды, оның ішінде күздік бидай – 79,0 мың га, күздік қара бидай – 10,5 мың га.

Аудандардың берген жедел ақпараты бойынша 86,1 мың га күздік дәнді дақылдар егілді, оның ішінде күздік бидай – 77,6 мың га, күздік қара бидай – 8,1 мың га және басқа дақылдар – 0,4 мың га.

Картоп-көкөніс сақтау қоймалары.

Қазіргі таңда өнімді күзгі-қысқы кезеңде сапалы сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 59,2 мың тонна 54 картоп-көкөніс сақтау қоймасы бар, оның ішінде желдеткіш жабдығы бар 32,4 мың тонна, тоңазытқыш жабдығы бар 17,8 мың тонна және уақытша сақтаудың 9,0 мың тоннасы бар. Бүгінде облыстың картоп-көкөніс сақтау қоймаларымен қамтамасыз етілуі 91% құрайды (қажеттілік 65 мың тонна). 2022 жылы 7,0 мың тонна құрайтын 2 көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды («Жана Әлем» ШҚ – 3,2 мың тонна, «Рубеженский» АӨК – 3,8 мың тонна).

2025 жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 50,1 мың тонна болатын 21 заманауи картоп-көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарлануда, нәтижесінде картоп-көкөніс сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 109,3 мың тоннаны құрайтын болады.

Жылыжай.

Ішкі нарықты маусымаралық ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыста жалпы ауданы 236 мың шаршы метрлік 80 жылыжай бар.

2022 жылы 7 350 тонна көкөніс өнімдері жиналды.

Соңғы жылдары, яғни 2020-2021 жылдары голландиялық технологиямен ауданы 17,4 га болатын, қуаттылығы жылына 11 мың тонна көкөніс өнімін өндіретін заманауи өндірістік ірі жылыжайлар «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС және «World Green Company» ЖШС іске қосылды.

Мал азығын дайындау.

2022-2023 жылдың мал қыстағына 1940,3 мың тонна шөп дайындау жоспары, жедел ақпарат бойынша өткен жылдан қалған шөпті қоса есептегенде 2327,2 мың тонна шөп дайындалуымен 119,9%-ға орындалды.

Мал шаруашылығы

2023 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара 777,5 мың басты (112,0%), қой – 1 108,5 мың басты (109,1%), жылқы – 280,5 мың басты (112,0%), түйе – 2,6 мың басты (107,0%), ешкі –198,1 мың басты (101,2%), құс – 1 451,3 мың басты (103,7%) құрап өссе, шошқа – 11,6 мың басты (91,5%) құрап кеміп отыр.

Мал шаруашылығы саласында есепті кезеңде 104,2 мың тонна тірілей салмақта мал және құс еті өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 102,5%-ды құрады. Барлық шаруашылықтар бойынша сүт өндіру 240,0 мың тонна (100,0%), өндірілген жұмыртқа 189,9 млн. дананы (97,9%) құрап отыр.

2022 жылдың 1 қаңтарына облыста 489 асыл тұқымды шаруашылық тіркелген. Соның ішінде, 402 асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен, 51 шаруашылық қой өсірумен, 35 шаруашылық асыл тұқымдық жылқы өсірумен және 1 шаруашылық түйе өсірумен айналысады.

Облыс бойынша 94,6 мың бас асыл тұқымды ірі қара малы, 50,1 мың бас қой, 10,4 мың бас жылқы және 281 бас түйе өсірілуде.

Барлық санаттағы асыл тұқымды мал басының үлес салмағы жалпы мал басынан, ірі қара мал – 13,8%-ды, қой – 4,9%-ды, жылқы – 4,2%-ды, түйе шаруашылығында 12,5%-ды құрайды.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы.

Облыс көлемінде 310 ауыл шаруашылығы кооперативі (бұдан әрі - АӨК) тіркеліп, соның ішінде 2022 жылдың 9 айында 233 ауыл шаруашылығы кооперативтері нақты жұмыс істеп тұр.

Жұмыс істеп тұрған кооперативтердің негізін, яғни, 196-ы етті мал шаруашылығы бойынша (85%), 21-і сүтті бағыттағы (9%), 12-і өсімдік шаруашылығы бойынша (5%), 3-і сервистік қызмет көрсету бойынша (2%) және 1-і бал ара шаруашылығы бойынша (1%) мамандандырылған.

Ағымдағы жылы жаңадан 27 АӨК тіркеліп, өз жұмыстарын жүргізуде. Соның ішінде: 3 АӨК – сүтті бағытта, 1 АӨК – өсімдік (бау-бақша) шаруашылығы бағытында, 23 АӨК – етті мал шаруашылығы бағытта.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінде 4912 тұлға мүшелікте (2 заңды тұлға, 113 ШФҚ мен дара кәсіпкерлер, 4797 үй шаруашылықтары) болса, оларда 92432 бас ауыл шаруашылығы малдары бар (35672 бас МІҚ, 56527 бас ҰММ және 233 бас жылқы).

2021 жылдың қорытындысымен кооперативтерде 470 тонна ет, 10095 тонна сүт, 4700 тонна картоп және 35 тонна жүн, 24 тонна бал өндірілді (2022 жылғы мәлімет статистика органдарымен 2023 жылы жарияланады).

Нақты жұмыс жасайтын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері мал шаруашылығы саласында субсидиялар және инвестициялық субсидия алып отыр.

2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсарту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауды үдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президенітінің Жолдауына сәйкес 2,5 пайызбен несиелеу бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Бұл бағытқа облысымызға 6,4 млрд. теңге несие қаржысы бөлінеді. Осы қаржының бөліну барысында негізгі басымдылық сүтті мал шаруашылығын дамытуға бағытталатын болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Статистикалық ақпарат бойынша 2022 жылы 102 353,8 млн. теңгенің тағамдық өнімдері өндірілген, физикалық көлем индексі 2021 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 102,9%-ды құрады.

2021 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нан және нан өнімдері – 13 501 тонна (105,1%), қайта өңделген сүт пен кілегей – 3 669 тонна (166,5%), тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы – 9 481 тонна (194,6%), ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер – 4 135 тонна (113,7%), макарон өнімдері –
24 682 тонна (104,7%), шұжық өнімдері – 10 486 тонна (112,6%), ет қалбырлары – 4 596 тонна (116,0%), ұн – 122 407 тонна (105,6%), балық қалбырлары – 2 720 тонна (107,6%) өндіріліп, өндіріс көлемдерінің өсуіне әсерін тигізді.

Сол уақытта, ет және тағамдық субпродуктілер – 13 507 тонна (86,6%), ірімшік пен сүзбе – 245 тонна (78,5 %), сары май - 156 тонна (74,3%), өзге сүт өнімдері – 492 тонна (95,2%), жарма, ірі тартылған ұн - 205 тонна (92,3%), өнім өндірісінің төмендеуі байқалады.

Облыс бойынша 2022-2026 жылдары жалпы сомасы 113,4 млрд. теңгені құрайтын 45 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Соның ішінде 2022 жылы 6,6 млрд. теңгеге 13 инвестициялық жоба (АӨК «Рубеженский» көкөніс сақтайтын қойма – 0,68 млрд. теңге, «Руслан» ШҚ көкөніс сақтайтын қойма – 0,2 млрд. теңге, «Жайық Агро LTD» ЖШС суармалы алаңын құру – 0,85 млрд. теңге, «Боранбаев» ШҚ бордақылау алаңының құрылысы – 0,1 млрд. теңге, «Рахат» ШҚ бордақылау алаңының құрылысы – 0,21 млрд. теңге, «Айлин» ШҚ шаруашылық репродукторын құру – 0,06 млрд. теңге, «Мулдагалиева Г.С.» ШҚ шаруашылық репродукторын құру – 0,07 млрд. теңге, «Курмашев С.Б.» ШҚ шаруашылық репродукторын құру – 0,051 млрд. теңге, «Дулат» ШҚ шаруашылық репродукторын құру – 0,059 млрд. теңге, «Төленгіт» ШҚ сүт фермасы – 0,053 млрд. теңге, «Сәбит» ШҚ суармалы алаңын құру – 0,12 млрд. теңге, «Мұқадес» ШҚ бордақылау алаңының құрылысы – 0,2 млрд. теңге, «Ringo Milk» ЖШС – 3,9 млрд. теңге) іске қосылды.

Дата публикации
14 апреля 2023