Мал шаруашылығы бөлімінің ережесі
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының «24» ақпандағы 2023 ж. №12-н бұйрығымен бекітілді Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Мал шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім ) Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 3. Міндеттері: а) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында мемлекеттік аграрлық және аймақтық саясатты, стратегиялық жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыру: б) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 4. Функциялары: 1) Бөлім қызметіне басшылық жасау, облыс аумағында мал шаруашылығына қатысты шараларды ұйымдастырады; 2) асыл тұқымды мал шаруашылығының перспективалы салаларын ұйымдастыруға және дамытуға, мамандандырылған мал шаруашылықтарын өсіруге жәрдемдеседі; 3) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді; 4) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатын мал шаруашылығы саласының әрбір түріне субсидияны іске асырады; 5) мал шаруашылығы мәселесіне қатысты облыстық кеңестерді, отырыстарды, жиналыстарды ұйымдастырады; 6) мал шаруашылығы саласына қатысты есеп және есептіліктің жүргізілуін, анықтамалардың жинақталуын және талдануын, сондай-ақ өкілетті органға ұсынылуын ұйымдастырады; 7) Ашық Үкімет порталындағы: Ашық НҚА компонентін уақытылы толықтыру; 8) бөлімге қатысты мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сай мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту мерзімдерінің сақталуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 5. Құқықтары мен міндеттері: 1) Басқармаға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға; 2) өз құзіреті мен өкілеттігі шегінде мемлекеттік меншікке жататын мүлікті пайдалануға; 3. Бөлім қызметін ұйымдастыру 6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін Бөлім қажетті өкілеттіктерді иеленеді. 7. Бөлімді Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалынатын және босатылатын бөлім басшысы басқарады. 8. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз міндеттерінің жүзеге асырылуына жеке жауап береді. 9. Бөлім басшысы Басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесіне қатысты ұсыныс жасайды. 10. Осы мақсатта бөлім басшысы: 1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды; 2) өз құзіреті шегінде бөлім қызметін үйлестіреді; 3) бөлімге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 11. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілген құжаттарға бөлім басшысы, ол жоқ кезде оны ауыстыратын тұлға қол қояды. ______________________Дата публикации
13 апреля 2023