2020 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға басқармаға бюджеттен 12835,8 млн. теңге қаржы, соның ішінде өсімдік шаруашылығына – 1066,9 млн. теңге, мал шаруашылығына – 2789,6 млн. теңге, инвестициялық салынымдарды субсидиялауға – 2276,6 млн. теңге, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға – 4084,8 млн. теңге, несиелердің және лизингтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға – 2217,5 млн. теңге, басқа да шараларға – 400,4 млн. теңге бөлінді.
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығын қаржыландыруға шаруашылықтармен 2897,8 млн. теңге несие ресурстары тартылып, соның ішінде лизинг бағдарламасы арқылы 1519,2 млн. теңгеге 205 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары сатып алынды.
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 18113,8 млн. теңгені, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 50,8 млн. теңгені, мал шаруашылығы – 18056,8 млн. теңгені, қызметтер – 6,2 млн. теңгені құрады. Статистикалық ақпарат бойынша физикалық көлем индексі 2020 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 103,1%-ды, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 100%, мал шаруашылығы – 103,1%-ды, қызметтер - 100%-ды құрады.