2020 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға басқармаға бюджеттен 12635,8 млн. теңге қаржы, соның ішінде өсімдік шаруашылығына – 1066,9 млн. теңге, мал шаруашылығына – 2789,6 млн. теңге, инвестициялық салынымдарды субсидиялауға – 2276,6 млн. теңге, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға – 4084,8 млн. теңге, несиелердің және лизингтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға – 2217,5 млн. теңге, басқа да шараларға – 200,4 млн. теңге бөлінді.
2020 жылдың қаңтар-ақпан айында ауыл шаруашылығын қаржыландыруға шаруашылықтармен 875,7 млн. теңге несие ресурстары тартылды.
2020 жылдың қаңтар-ақпан айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 10353,9 млн. теңгені, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 34,6 млн. теңгені, мал шаруашылығы – 10315,8 млн. теңгені, қызметтер – 3,5 млн. теңгені құрады. Статистикалық ақпарат бойынша физикалық көлем индексі 2020 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 103,3%-ды, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 100%, мал шаруашылығы – 103,3%-ды, қызметтер - 100%-ды құрады.