Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
Облыс әкімі Ғ.Есқалиев