«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау нәтижелері бойынша
талдамалық анықтама
29.07.2022 жыл Орал қаласы
Талданатын объект: «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі - Басқарма).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8 бабының 2 тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2022 жылғы 30маусымдағы №30-н «Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығыбасқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығыбасқармасы басшысы Ж.Ж.Халиуллиннің бұйрығы негізінде өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
Өмірзақов С.Е. - Басқарма басшысының орынбасары;
Ситказиев Б.М. -механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің басшысы;
Еракаев М.Г. - мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперациясы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы;
Кайдашев К.Б. - егін шаруашылығы, астық және тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы;
Имангалиев И.У. - экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің басшысы міндетін атқарушы;
Кенжегалиева Б.Т. - агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімінің басшысы;
Қазғұлова Ж.О.- персоналды басқару, құжаттамалық және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:25.07.2022 жыл – 25.08.2022 жыл.
Талдау кезеңі:01.07.2021 жыл -01.07.2022 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша 10тәуекел анықталды және 10 ұсыным берілді.
I.Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Операторды анықтау жұмыстары Басқарманың ғимаратында, басқарма басшысының төрағалығымен және Орал қаласы мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының басшыларының, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кеңес арқылы жүргізіледі. Бақылаушы ретінде агроқұрылымдардың басшылары шақырылады.
Көрсетілген жағдай кеңес құрамының операторды анықтауды өз мүдделерінен шығып шешу қаупі бар.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
Ұсыным:Облыс бойынша көктемгі және күзгі далалық жұмыстарға бөлінетін арзандатылған дизель отынын облысқа жеткізетін операторды анықтауға арнайы ауыл шаруашылығы министрі бекіткен нормативтік құқықтық акт жасақтау үшін хат жолдау.
Ұсыным: ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларына өзгерістер енгізу барысында субсидиялар алған тауарөндірушілерге мониторинг жүргізу тармағын қосу бойынша ҚР АШМ-не хат жолдау.
II.Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III.Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-29, нақты саны -28.
2022 жылғы 1шілдедегі жағдай бойынша 1 вакансия бар.
Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер саны -1(зейнеткерлік жасқа толуымен байланысты-1, таза ауысушылық–0).
Жалпы конкурс қорытындысы бойынша4 адам(негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне уақытша) тағайындалды.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.
Басқарма қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚСж АЕАК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Басқарма қызметкерлерімен акциялар, пайлар,жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.
Басқармада коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Талдау жүргізу барысында 1әкімшілік лауазымның ұзақ мерзімде бос болу фактісі анықталды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 38-бабына сәйкес, облыстық атқарушы органдар басшыларының міндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге уақытша жүктеуге жол беріледі.
Басқарма мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперациясы бөлімінің басшысы лауазымы 2022 жылғы 1 қаңтар мерзімнен бастап, бос лауазымыболып тұрды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағының 15 тармақшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперациясы бөлімінің басшысы А.Е. Есполов 2021 жылдың 31 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққақарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұсынымы бойынша жұмыстан босатылған болатын.
Алайда, қызметкер қабылданған шешіммен келіспей,бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, бос жүрген уақытына жалақыны өндіру туралы ісі бойынша сотқашағымданды.
Бүгінгі таңда облыстық деңгейдегі сот шешімінің шықпауына байланысты бос лауазымға конкурс жарияланбағандықтан, лауазым бос тұр.
Талданып отырған мерзімде бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуға 4 конкурс жарияланды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14 бабы 1-1-тармағына сәйкес, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Алайда, бос лауазымға арналған конкурс өткізу барысында кандидат болып табылатын адамдар өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етпеген.
Ұсыным:конкурсқа құжат тапсырушы үміткерлерді Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14 бабы 1-1-тармағындағы талаптармен таныстыруды ұйымдастыру.
IY.Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Y.Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқармамен көрсетілетін 15 мемлекеттік қызмет түріне жауапты мемлекеттік орган болып табылады, соның ішінде 1 қызмет бойынша баламалы, яғни электронды және қағаз түрінде көрсету мүмкіндігі бар.
Талдау кезеңінде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
1) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 7849;
2)инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу - 2359;
3) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау - 4;
4) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау - 102;
5) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау - 151;
6) микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау - 12;
7) микрокредиттерді ішінара кепілдендіру жөніндегі комиссия - 62;
8) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау - 147;
9) бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау - 3;
10)ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – 1108;
11) ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау - 709;
12) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметтерге лицензия беру – 1, барлығы 12517 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Электрондық түрде көрсетілген қызметтер«Qoldau.kz», «ИСС» және www.elicense.kz порталдары арқылы жүзеге асырылады.
Басқарманың құзыретіне кіретін астық нарығы және тұқым шаруашылығы саласы бойынша рұқсат беру функияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ деп есептейміз.
Өйткені бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу Тексеру субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімі (ТСОБТ) тіркелу арқылы ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
YII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес, Басқарманың құзыретіне кіретін астық нарығы және тұқым шаруашылығы саласы бойынша, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау бойынша рұқсат беру функциялары толық автоматтандырылған.
Өтініштер мен қызмет көрсету нәтижелері электронды түрде беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес процестері қызмет алушыларға ыңғайлы етіп оңтайландырылған.Осыған орай, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ деп есептейміз.
YIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Азаматтардың өтініштерінің көптеп келіп түсуі жеке сот орындаушылар мен банкроттық басқарушылардың ауылшаруашылығы техникасының болуы немесе болмауы туралы ақпарат беру туралы сұрау сауалдары.
2022 жылдың жартыжылдығы бойынша қаңтар айында интернет желісі болмау себептерінен 2021 жылдың 6 өтінішін ГРСТ (государственная регистрация сельскохозяйственной техники) базасы арқылы қарау мүмкін болмау салдарынан 6 өтініштің орындау мерзімі бұзылған.
Ұсыным:жауапты қызметкергеҚазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Басқармада құқықтық оқыту ұйымдастырып, мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта өтініш жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес дұрыс рәсімделуін қадағалау тапсырылсын.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 35-ө өкімімен құрылған жұмыс тобының құрамы, яғни Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Г.М.Сейфуллина және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары С.Е.Умурзаков, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдердің қызметтік компютерлерінде шаруа қожалықтарының және де басқа тұлғалардың ЭЦК бар-жоғын тексеру және оларға қатысты кейінгі әрекеттерді анықтау жұмыстарын жүргізу үшін барлық аудандарға іссапарға барды.
Іссапар барысында жұмыс тобы Қазталов аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөліміндегі қызметтік компютерлерлерді тексеру барысында бөлім басшысының және бөлімнің есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды.
Сонымен қатар, 2015-2018 жылдар аралығындағы мерзімі өтіп кеткен 12 шаруа қожалықтарының электрондық кілттері анықталды.
Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 6 дана қызметтік компютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының, бөлім есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды.
Сонымен қатар, 2013-2019 жылдар аралығындағы мерзімі өтіп кеткен 18 шаруа қожалықтарының (ярлык түріндегі) электрондық кілттері анықталды.
Бөкейордасы аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 5 дана қызметтік компютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының, бөлім есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның 4 дана қызметтік кілттері анықталды.
Тасқала аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 10 дана қызметтік компютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының және бөлімнің есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның 10 дана қызметтік кілттері анықталды.
Теректі аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 8 дана қызметтік компютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының, бөлім есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды. Сонымен қатар, 12 шаруа қожалықтарының (ярлык түріндегі) электрондық кілттері анықталды.
Бөрлі аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 10 дана қызметтік компютерлерінтексеру барысында бөлім басшысының, бөлім есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды. Сонымен қатар, 2012-2019 жылдар аралығындағы мерзімі өтіп кеткен бөлімнің бұрынғы қызметкерлері мен шаруа қожалықтарының 20 дана (ярлык түріндегі) электрондық кілттері анықталды.
Шыңғырлау аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 8 дана қызметтік компютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының, бөлім есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды. Сонымен қатар, мерзімдері өтіп кеткен 69 шаруа қожалықтарының (ярлык түріндегі) электрондық кілттері анықталды.
Жаңақала аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 10 дана қызметтік компютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының, бөлім есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды. Сонымен қатар, мерзімдері өткен 12 шаруа қожалықтарының (ярлык түріндегі) электрондық кілттері анықталды.
Ақжайық аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 9 дана қызметтік компьютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының, бөлім есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды. Сонымен қатар, 2011-2018 жылдар аралығындағы мерзімі өтіп кеткен бөлімнің бұрынғы қызметкерлері мен шаруа қожалықтарының 25 дана (ярлык түріндегі) электрондық кілттері анықталды.
Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 6 дана қызметтік компютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының, бөлім есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды. Сонымен қатар, мерзімдері өтіп кеткен 14 дана (ярлык түріндегі) электрондық кілттер анықталды.
Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 8 дана қызметтік компютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының, бөлім есепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды. Сонымен қатар, 3 дана шаруашылықтардың электрондық кілттері табылса, мерзімдері өтіп кеткен 30 дана (ярлык түріндегі) электрондық кілттер анықталды.
Бәйтерек аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің 8 дана қызметтік компютерлерін тексеру барысында бөлім басшысының, бөлімесепшісінің, бөлімнің техника жөніндегі маманның қызметтік кілттері анықталды.Сондай-ақ, басшылармен мамандардың жұмыс компьютерлерінде бұрынғы басшылармен мамандардың, өздерінің, жақындарының және шаруа қожалықтардың кілттері табылды.
Көрсетілген жағдайлар, ЭЦҚ арқылы шешім қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін.
Ұсыным: Барлық жұмыс компъютерлерден ЭЦҚ кілттерін жою және атқарылған жұмыстар туралы анықтама дайындау және қала, аудандардағы ауыл шаруашылығы бөлімдеріне ЭЦҚ кілттерін сақтау тәртібін түсіндіру туралы хат жолдау.
Ұсыным: ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидасына өзгерістер енгізу барысында субсидиялаудың ақпараттық жүйесін өзгертудің техникалық мүмкіндігін болдырмау үшін өзге де мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау бойынша ҚР АШМ-не хат жолдау.
Мақсатсыз пайдаланбауы бойынша субсидия алған тауарөндірушілерге 3 жыл ішінде мониторинг жүргізу қарастырылған. Мониторинг электронды түрде ауыл шаруашылғы техникасын мемлекеттік тіркеу (ГРСТ) базасы арқылы және тікелей барып тексеру арқылы жүргізіледі. Мониторинг кезінде оны анықтау, субсидияны қайтарту, қайтармаған жағдайда соттасу сияқты жұмыстарға әкеліп соғуда.
Ұсыным: субсидиялаған техниканы үш жыл мерзімде ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу базасынан есептен шығара алмауын қамтамасыз етуді, яғни автоматты түрде шектеу (обременение) қалыптастыру тетігін қарастыруды және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын техникаларды (қопсытқыш тырнауыштар, тракторға арналған құрамалы әмбебап аспалар, пресс-ораушы және т.б) бір ақпараттық жүйеге тіркеп субсидиялау ақпараттық жүйесімен интеграциялау жөнінде ҚР АШМ-не ұсыныс жолдау.
Алайда, мемлекттік тіркеуге жатпайтын техникаларға (қопсытқыш тырнауыштар, тракторға арналған құрамалы әмбебап аспалар, пресс-ораушы және т.б.)Qoldau.kz ақпараттық жүйесінде қайтадан сол техникаға өітнім берген жағдайда еш шектеу немесе ескерту қарастырылмағандықтан маман аталған бұзушылықтың алдын алу үшін көп уақыт жоғалтады.
Ұсыным: Аталған бағдарлама бойынша жұмыстың уақытын тиімді пайдаланумен тәуекелдің алдын алу мақсатында Qoldau.kz ақпараттық жүйесіне бір түскен өтінімді екінші қайта өткізбейтін шектеу немесе ескерту тетігін қарастыружөнінде ҚР АШМ-не ұсыныс жолдау.
Басқарманың 2021 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 19 055 672 мың теңге қарастырылды, игерілгені 17 831 129 мың теңге немесе 93,6% құрады. Игерілмегені 1 224 543 мың теңге құрады.
Басқарманың 2022 жылғы 1-жартыжылдыққа бекітілген жоспарына сәйкес 21 781 082 мың теңге қарастырылды, игерілгені 31 % құрады.
Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында орналасқан 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алғашқы жоспарында (28.12.2021 ж.) қаржыландыру жоспарындағы көрсеткіштен, 2022 жылға арналған №4-20 шығыстар бойынша жинақтық есептен ауытқу анықталды:
№001 «Ауыл шаруашылығы саласындағыжергілікті деңгейдегісаясатты іске асыру бойынша қызметтер» бағдарламасының №149, 151, 152,159спецификалары бойынша 188,4мың теңге соммасына,соның ішінде қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көрсеткіштермен орналастыру (қосымша құн салығы есебінсіз).
Сөйтіп, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыруда мемлекеттік сатып алу үшін188 400 теңге көлемінде қаражат негізсіз артық көзделген.
Ұсыным:мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, бюджетпен есеп айырысулардың жағдайы туралы дербес шот үзіндісіне және әлеуметтік төлемдер бойынша 2022 жылғы 1 қаңтарға салықтар бойынша бересі (недоимка) 335, 2 мың теңгені құрайды.
2022 жылғы 30 маусымға салықтар бойынша бересі 89, 5 мың теңгеге азайды. Қазіргі уақытта көрсетілген сома толық өтелді.
Ұсыным:Басқармада қаржылық жұмыстарды жүргізу, бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша уәкілетті органдардың қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Басқармада жасырын қызметтер анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте, кадр мәселесі және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
ҰСЫНЫМДАР:
1.Облыс бойынша көктемгі және күзгі далалық жұмыстарға бөлінетін арзандатылған дизель отынын облысқа жеткізетін операторды анықтауға арнайы ауыл шаруашылығы министрі бекіткен нормативтік құқықтық акт жасақтау үшін хат жолдау;
2.ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға» өзгерістер енгізу барысында субсидиялар алған тауарөндірушілерге мониторинг жүргізу тармағын қосу бойынша ҚР АШМ-не хат жолдау;
3.Конкурсқа құжат тапсырушы үміткерлерді Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14 бабы 1-1-тармағындағы талаптармен таныстыруды ұйымдастыру;
4.Жауапты қызметкерге Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Басқармада құқықтық оқыту ұйымдастырып, мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта өтініш жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес дұрыс рәсімделуін қадағалау тапсырылсын;
5.Барлық жұмыс компъютерлерден ЭЦҚ кілттерін жою және атқарылған жұмыстар туралы анықтама дайындау және қала, аудандардағы ауыл шаруашылығы бөлімдеріне ЭЦҚ кілттерін сақтау тәртібін түсіндіру туралы хат жолдау;
6.ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидасына өзгерістер енгізу барысында субсидиялаудың ақпараттық жүйесін өзгертудің техникалық мүмкіндігін болдырмау үшін өзге де мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау бойынша ҚР АШМ-не хат жолдау;
8.Аталған бағдарлама бойынша жұмыстың уақытын тиімді пайдаланумен тәуекелдің алдын алу мақсатында Qoldau.kz ақпараттық жүйесіне бір түскен өтінімді екінші қайта өткізбейтін шектеу немесе ескерту тетігін қарастыру жөнінде ҚР АШМ-не ұсыныс жолдау;
10.Басқармада қаржылық жұмыстарды жүргізу, бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша уәкілетті органдардың қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Басқарма басшысы Ж.Халиуллин
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
С. Өмірзақов |
|
|
Б. Ситказиев |
|
|
М.Еракаев |
|
|
К.Кайдашев |
|
|
И.Имангалиев |
|
|
Б.Кенжегалиева |
|
|
Ж.Қазғұлова |