Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша өз ұсыныстарыңызды қалдыруға, пікірлеріңізбен бөлісуге шақырады.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысымен бекітілген 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері бар. Олар ✔Бірінші сортты бидай ұны,✔ бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), ✔рожки (өлшеніп салынатын), ✔қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), ✔тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), ✔картоп, ✔асханалық сәбіз, ✔басты пияз, ✔ақ қауданды қырыққабат, ✔ақ қант-құмшекер, ✔күнбағыс майы, ✔сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), ✔тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), ✔пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, ✔майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада, ✔сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), ✔тауық жұмыртқасы (I санатты), ✔аc тұзы ("Экстра" -дан басқа), ✔Сүзбе: майлылығы 5-9%
Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды. Сондай-ақ, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды 87777975454 📞WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғыс білдіреміз!💛