2021 жылға пестицидтер, биоагенттер (этномофагтар) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Жоба

 

 

 

 

 

2021 жылға пестицидтер, биоагенттер (этномофагтар) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға субсидияланатын пестицидтердің биоагенттердің (этномофагтардың) түрлерінің тізбесі және
1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормасы;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2020 жылға пестицидтерді, биоагенттерді (этномофагтарға) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемі бекітілсін.

  1. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
  2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж.Халиуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                Ғ. Есқалиев

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 декабря 2020